Қолжазбаларды қабылдаудың қайта басталғаны туралы хабарландыру
Құрметті авторлар!
Gumilyov Journal of Pedagogy журналының редакциясы журналдың алдағы нөмірлерінде жариялау үшін ғылыми мақалаларды қабылдаудың қайта басталғаны туралы хабарлайды.
Педагогика ғылымдары саласындағы оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар және зерттеушілер ынтымақтастыққа шақырылады.
Журналдың редакциялық саясатымен, сондай-ақ қолжазбалардың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптармен мұқият әрі толық көлемде танысуды сұраймыз.
Редакция редакциялық саясат талаптарын бұза отырып немесе оларды елемей дайындалған мақалалар қарастырылмайтынын және рецензиялауға жіберілместен қайтарылатынын ерекше ескертеді.
Редакциялық саясатпен, қолжазбалардың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптармен мына сілтеме арқылы танысуға болады:
https://pedjournal.enu.kz/index.php/main-about/Editorial-policy
Назарларыңызға журнал сайтының басты бетінде мақала рәсімдеу үлгісі (шаблоны) жүктеп алуға қолжетімді екенін ұсынамыз.
Сіздің ғылыми үлесіңізге қуаныштымыз және тиімді әрі нәтижелі ынтымақтастыққа үміт артамыз!






