Студенттер арасында киберқауіпсіздік хабардарлығы: систематикалық әдеби шолу және prisma PRISMA әдісімен талдау
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-152-3-126-144Кілт сөздер:
киберқауіпсіздік, студенттер, PRISMA, жүйелі әдеби шолу, кибершабуылдарАңдатпа
Қазіргі таңда интернет қолданушылары, әсіресе студенттер, фишинг, жеке деректердің ұрлануы, әлеуметтік инженерия, зиянды бағдарламалар мен кибербуллинг сияқты қауіп-қатерлерге жиі тап болады. Осыған байланысты, олардың ақпараттық қауіпсіздікке деген көзқарасын зерттеу және тиімді оқыту әдістерін анықтау маңызды. Зерттеуде PRISMA (Preferred Reporting Items for Systematic Reviews and Meta-Analyses) әдісі қолданылып, 20 ғылыми мақала талданды. Барлық зерттеулер Scopus дерекқорынан алынған, бұл зерттеудің сенімділігі мен ғылыми негізділігін арттырады. Нәтижелер студенттердің киберқауіптерге қатысты білім деңгейінің әртүрлі екенін көрсетті. Студенттердің киберқауіпсіздік туралы хабардарлығын арттыру үшін ең жиі қолданылатын әдістер ретінде тренингтер, ойын арқылы оқыту (геймификация), интерактивті оқыту, сауалнама және тесттер, сондай-ақ мониторинг пен бақылау қарастырылды. Зерттеу нәтижелері студенттер арасында киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру үшін білім беру жүйесінде жаңа тәсілдерді енгізудің маңыздылығын көрсетеді. Әсіресе, интерактивті оқыту әдістері мен тәжірибелік сабақтар студенттердің ақпараттық қауіпсіздікке қатысты дағдыларын жақсартуға ықпал етеді. Бұл зерттеу студенттердің интернеттегі қауіпсіздігін арттыруға бағытталған тиімді стратегияларды анықтауға көмектеседі және білім беру саласында киберқауіпсіздікке қатысты әдістемелерді жетілдіруге негіз болады.






