Шетел тілін оқыту үрдісінде студенттердің эмоционалдық интеллектілерін дамыту стратегиялары мен әдістері
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-154-1-239-252Кілт сөздер:
интеллект, эмоционалды интеллект, мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілік, мотивация, оқыту стратегиялары, әдістері, ғылыми мәліметтер базасыАңдатпа
Эмоциялық интеллектің (ЭИ) әсері бүгінгі таңда білім, психология және тіпті робототехника сияқты барлық ғылым салаларында зерттелуде. Ақпараттық ғасырда өзін-өзі тану, жетістікке деген мотивация, тиімді қарым-қатынас жасау және шетел тілін меңгеру ерекше мәнге ие болды. Тілді сәтті меңгеретін студенттер тек когнитивтік қабілеттерімен емес, сонымен қатар тапсырмаларға позитивті көзқарас, табандылық, жетістікке ұмтылу және белгісіздікке төзімділік сияқты мотивациялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Эмоциялық интеллект білім беру процесінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады және білім алушылардың тұлғалық дамуына, тілдік материалды меңгеру сапасына және мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікке ықпал етеді.
Зерттеудің мақсаты — ғылыми дереккөздерді талдау, эмоционалдық интеллектінің шетел тілін меңгеруге әсерін зерттеу және оның білім алушылардың мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілігін дамытудағы рөлін анықтау. Студенттердің эмоционалдық интеллект деңгейін анықтау үшін бес шкаладан және отыз сұрақтан тұратын Н. Холл әдістемесі қолданылды. Мақалада, сондай-ақ эмоционалдық интеллектіні қалыптастыру барысында қолданылған elicitation тәсілдері, когнитивтік және әлеуметтік-аффективтік стратегиялар сипатталған.
Зерттеу нәтижелері эмоционалдық интеллектінің білім алушылардың мотивациясына және шетел тілін меңгеруінің нәтижелілігіне оң әсер ететінін көрсетеді, бұл ЭИ дамытуды тіл үйрету әдістемесіне енгізудің маңыздылығын дәлелдейді.






