Рецензенттерге арналған нұсқаулық

Құрметті рецензенттер!

Gumilyov Journal of Pedagogy журналының редакциясы атынан ғылыми жарияланымдардың сапасын қамтамасыз етуге қосқан бағалы үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

Төменде OJS (Open Journal Systems) жүйесімен жұмыс істеу барысындағы негізгі кезеңдер мен сараптамалық пікір дайындауға арналған ұсынымдар келтірілген.

Мақаланы рецензиялау кезеңдері

  1. Жүйеге кіру
    1. Журналдың сайтына өтіңіз: https://pedjournal.enu.kz
    2. Тіркелгеннен кейін экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Кіру» түймешігін басыңыз.
    3. Редакциядан алған логин мен парольді енгізіңіз.
    4. Бірінші кіруде жүйе парольді өзгертуді ұсынады — жаңа пароль орнатып, «Сақтау» түймесін басыңыз. Тіркелу бойынша видеоинструкция журнал сайтында орналастырылған.
  2. Назначылған мақаланы қарау
    1. Кіруден кейін «Жіберілген материалдар» бөлімін ашыңыз.
    2. «Рецензияға тағайындалған» статусындағы мақаланы табыңыз.
    3. Қатардағы «Қарау» түймесін басып, мақала карточкасына өтіңіз.
  3. Мәтінді зерделеу және рецензия даярлау
    1. Мақала карточкасында қолжазба файлын жүктеп алыңыз.
    2. Рецензияны .doc(x) немесе .pdf форматында дайындаңыз.
  4. Рецензияны жүктеу
    1. «Серверге жүктеу» бөліміне өтіп, «Файл жүктеу» түймесін басыңыз.
    2. Тиісті файлдарды тіркеңіз:
  • Негізгі рецензия файлы (.docx/.pdf);
  • Қажет болған жағдайда — түзетілген мақала мәтініне енгізілген ескертпелер.
    1. Жүктелген файлдар редакцияға және қажеттілік туса авторға қолжетімді болады.
  1. Ұсыныс таңдау
    «Ұсыныс» алаңында біреуін таңдаңыз:
    1. Материалды қабылдау
    2. Түзетулер енгізу қажет
    3. Қайта рецензияға жіберу
    4. Басқа журналға жіберу
    5. Мақаланы кері қайтару

Ескерту: ұсыныс таңдағанға дейін рецензия файлын жүктеу немесе мәтін енгізу қажет.

  1. Рецензияны жіберу
  • Рецензия файлын жүктеп, ұсынысты таңдаған соң «Рецензияны жіберу» түймесін басыңыз.
  • Осыдан кейін мақала редакторға шешім қабылдау үшін бағытталады.