«Gumilyov Journal of Pedagogy» журналының редакциялық алқасы 2026 жылдың 3-санынан бастап ғылыми мақалалар келесі айдарлар бойынша жарияланатынын хабарлайды
Құрметті авторлар!
«Gumilyov Journal of Pedagogy» журналының редакциялық алқасы 2026 жылдың 3-санынан бастап ғылыми мақалалар келесі айдарлар бойынша жарияланатынын хабарлайды:
- Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдіснамасы;
- Білім беруді цифрландыру;
- Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі;
- Білім берудегі менеджмент.
Аталған өзгерістер журналдың тақырыптық құрылымын жетілдіруге, ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыруға және педагогика ғылымдары саласындағы зерттеулерді неғұрлым нақты жіктеуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Қолжазбаларды дайындау және ұсыну барысында авторлардан мақаланың тақырыбының жоғарыда көрсетілген айдарлардың біріне сәйкестігін ескеруді сұраймыз. Мақаланы белгілі бір айдарға жатқызу туралы түпкілікті шешімді ұсынылған зерттеудің мазмұны мен журналдың редакциялық саясатына сәйкес редакциялық алқа қабылдайды.
Ынтымақтастықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз және ғылыми зерттеулеріңіздің нәтижелерін «Gumilyov Journal of Pedagogy» журналында жариялауға шақырамыз.






