Редакция ғылыми мақалаларды жариялау үшін қабылдаудың қайта басталғаны туралы хабарлайды

2025-07-18

Құрметті авторлар!
Gumilyov Journal of Pedagogy журналының редакциясы келесі шығарылымдарға жариялау үшін ғылыми мақалаларды қабылдауды қайта жаңғыртқанын хабарлайды. Оқытушылар мен зерттеушілерді ынтымақтастыққа шақырамыз. Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптармен және материалдарды жіберу тәртібімен журналдың ресми сайтында таныса аласыздар.

Gumilyov Journal of Pedagogy журналының ресми ақпараттық ресурстарынан жаңалықтарды қадағалаңыздар.