Инклюзивті білім беруді дамытудың шетел және отандық тәжірибесі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-150-1-138-148Кілт сөздер:
инклюзивті білім беру, білім беруді модернизациялау, модификация, жаһандық дағдылар, инклюзивті орта, білім беру инфроқұрылымыАңдатпа
Мақалада инклюзивті білім берудің дамуы мен қалыптасуы шетел тәжірибесі негізінде зерделенеді. Өркениеті дамыған елдердің тәжірибесін зерделеу және оның үлгілерін отандық білім беру жүйесінде қолдану өзекті. Жаһандық дағдылардың әлем елдеріне таралуы бүгінгі болашақ маманның алдына көптеген талаптар жүктейді. Соның ішінде инклюзивті орта қалыптастыру, соған сәйкес білім беру үрдісін модификациялау заңды құбылысқа айналды. Инклюзивті білім беру саласында мол тәжірибе жинақтаған АҚШ, Финляндия, Норвегия, Швеция, Канада т.б. Бұл мемлекеттерде инклюзивті білім беру 1960 жылдары пайда болған. Инклюзия мәселесіне қоғам тарапынан қарама-қайшылықтар болды. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген шиеленіс үдей түсті. Заңнамалық жағынан олардың құқықтарын қорғау күрделі болды. Тек 1970 жылдардан бастап қана мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары қорғала бастады. Швеция ғалымы Нурье бұл санаттағы адамдарды оқыту, тәрбиелеу және қоғамға әлеуметтендіру қажет екендігін дәлелдеп, «Нормалау» концепциясын шығарған болатын. Сөйтіп, әлем елдеріндегі дүмпулер басылып, қоғамдағы шиеленістер тоқтатылды. Адамдардың көзқарастары өзгере бастады. Мақала авторы осы елдердегі тарихи жағдайларға тоқталған болатын. Тарихи кезеңдерді сипаттай отырып, инклюзивті білім берудің даму тенденциясына талдау жасаған.