Авторларға арналған нұсқаулық

Құрметті авторлар!

Gumilyov Journal of Pedagogy журналына мақала жіберер алдында редакция сіздерден редакциялық саясатпен мұқият танысуды сұрайды. Саясат келесі бөлімдерді қамтиды:

  • журнал туралы жалпы ақпарат,
  • авторларға арналған нұсқаулық,
  • жариялау этикасы жөніндегі ережелер.

Белгіленген талаптарды сақтамау қолжазбаны қарау және жариялау үдерісінің едәуір кешігуіне әкелуі мүмкін.

Мақаланы редакцияға жолдау автордың (авторлардың) мақаланы журналдың баспа және/немесе электрондық нұсқасында жариялау құқығын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне беруге автоматты түрде келісімін білдіреді.

Мақалаларды қабылдау журналдың OJS (Open Journal System) платформасы арқылы ғана жүзеге асырылады.

Қос соқыр рецензиялау (double-blind peer review) рәсімін қамтамасыз ету үшін авторлар екі нұсқада қолжазба ұсынуы тиіс:

  1. Толық нұсқасы — авторлар туралы барлық мәліметтермен: аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, жұмыс орны, электрондық пошта мекенжайы және (болса) ORCID;
  2. Анонимдендірілген нұсқасы — автор(лар)ды анықтауға мүмкіндік беретін кез келген ақпаратсыз: алғыс, түсініктемелер, өз жұмыстарына сілтемелер және басқа да жеке деректер болмауы тиіс.

 

Қолжазба файлдарын төмендегідей атаумен сақтау және жіберу қажет:

Автормен файл: Мақала атауы (автормен).docx
Авторсыз файл: Мақала атауы (авторсыз).docx

Мысал:

  1. Жоғары оқу орнындағы инклюзивті білім беру (автормен).docx
  2. Жоғары оқу орнындағы инклюзивті білім беру (авторсыз).docx

Сондай-ақ, қолжазбалармен бірге авторлар міндетті түрде «Қосымша хатты» ұсынуы тиіс (қосымша хаттың үлгісі журналдың ресми сайтында орналастырылған).

 

 

 

Мақаланы рәсімдеу параметрлері: бет — А4, кітапша форматында, жазу ені бойынша тураланған, барлық жақтан өріс — 20 мм. Қаріп: түрі — Times New Roman, мөлшері (кегль) — 14, жоларалық аралық — 1, бірінші жолдың шегінісі («қызыл жол») — 1,0 см.

Мақаланың көлемі (атауы, авторлар туралы мәліметтер, аннотация, негізгі сөздер мен библиографиялық тізім есепке алынбай) кемінде 6 бет (3 000 сөз) және ең көп дегенде 16 бет (7 000 сөз) болуы тиіс.

Ғылыми мақаланың құрылымы IMRAD (ИМРАД) форматынан тұрады (түпнұсқа мақалалар үшін), оған мыналар кіреді: атауы, аннотация, негізгі сөздер, кіріспе, материалдар мен әдістер, нәтижелер, талқылау, қорытынды, қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса), әдебиеттер тізімі.

  • ҒТАМР
  • Автор(лар)дың толық аты-жөні (ORCID сілтемесін басу мүмкіндігін қосу);
  • Автор(лардың) жұмыс орны, қала, ел, электрондық пошта;
  • Мақаланың атауы;
  • Аңдатпа;
  • Түйін сөздер;
  • Кіріспе;
  • Материалдар мен әдістер;
  • Нәтижелер мен талқылау;
  • Қорытынды;
  • Авторлрдың қосқан үлесі;
  • Қаржыландыру туралы ақпарат;
  • Әдебиеттер тізімі;
  • Авторлар туралы мәлімет.

 

Кестелер мен суреттерді рәсімдеуге қойылатын талаптар

Кестелер мен суреттер тікелей мәтіннің ішінде орналастырылады. Олар нөмірленіп, мәтінде осы нөмірге сілтеме жасалуы тиіс.

Суреттер мен графиктер стандартты форматтардың бірінде берілуі керек: PS, PDF, TIFF, GIF, JPEG, BMP, PSD.

Нүктелік (сызықтық-нүктелік) суреттер 600 dpi рұқсатымен жасалуы қажет.

Кестелер мен суреттерде барлық детальдар анық көрініп тұруы тиіс.

 

Мысалы:

Сурет 2. Жоғары оқу орындарындағы қабылдау, бітіру және студенттер санының динамикасы

Ескертпе: (ҒЖБМ, 2024) деректері негізінде құрастырылған

 

Кесте 1. Шетелдік студенттердің келу елдері бойынша саны (ҒЖБМ, 2024)

 

Келген елі

2017

2018

2019

2020

2021

Өзбекстан

3683

9500

25964

15642

14404

Үндістан

3500

3717

4450

4220

5987

Түрікменстан

1320

2616

3176

2795

2795

Ресей Федерациясы

1075

1273

1247

1298

1263

Моңғолия

439

565

888

1128

1010

Қытай

1290

1240

807

871

811

Қырғызстан

1026

1026

1026

1067

659

Иордания

60

62

228

515

546

Басқа елдер

1505

1671

1683

1533

1462

Ескертпе: (ҒЖБМ, 2024) деректері негізінде құрастырылған

 

Қолданылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу

Барлық мақалалар, жарияланымдар және басылымға ұсынылатын материалдар «Гарвардтық сілтеме стилі» («Harvard referencing style») талаптарына сәйкес рәсімделген қолданылған әдебиеттер тізімімен бірге берілуі тиіс.

Төмендегі сілтемеде Гарвардтық әдебиеттер тізімін рәсімдеу стилі туралы толық ақпарат бар:

https://www.easybib.com/guides/citation-guides/harvard-referencing/harvard-referencing-style-examples/

Бұл ресурс Гарвард стилінің талаптарына сәйкес сілтемелерді және библиографиялық көрсетілімдерді дұрыс рәсімдеу жөнінде ұсыныстар мен мысалдарды қамтиды.

Мәтін ішіндегі сілтемелер дөңгелек жақшаларда келесі форматта беріледі: (Автор, Жыл):

  • Бір авторға сілтеме жасағанда: (Симановский, 2025); екі авторға: (Майерс пен Туенж, 2014); үш авторға бірінші рет: (Карпенко, Казанбиева және Дубинина, 2022), кейінгі сілтемелерде: (Карпенко және басқалар, 2022). Төрт және одан көп автор болса — әрқашан (Ерментаева және басқалар, 2014).
  • Көптеген сілтемелер «;» арқылы, жариялану жылына кері тәртіпте тізіледі: (Симановский, 2025; Карпенко, Казанбиева және Дубинина, 2022; Хоровиц, 2006).
  • Бір автордың бір жылдағы бірнеше еңбектеріне әріптік индекс қосылады: (Симановский, 2025a; Симановский, 2025b).
  • Автор белгісіз болса, ұйымның атауы немесе «Анон» қолданылады: (Біріккен Ұлттар Ұйымы, б.ж.) немесе (Анон, б.ж.); жыл белгісіз болса — «б.ж.» қойылады: (Майерс, б.ж.).
  • Қосалқы сілтемелер былай рәсімделеді: (Кэмпбелл, Э. (1976, Қайталанған сілтеме бойынша: Баркхаузен, Г., 2016, б. X)).
  • Мәтін ішіндегі сілтемелерде тікбұрышты жақшаларды қолдану қатты тыйым салынады.

 

Әдебиеттер тізімін рәсімдеудің негізгі талаптары:

  • Әдебиеттер тізімінде дереккөздер авторлардың тегі бойынша әліпби тәртібімен көрсетіледі;
  • Кириллицада жазылған (қазақ және орыс тілдеріндегі) және латын транслитерациясындағы жарияланымдар араласқан кезде алдымен кириллицадағы жазбалар (орыс/қазақ әліпбиі бойынша) беріледі, одан кейін латын транслитерациясындағы жазбалар (латын әліпбиі бойынша);
  • Ағылшын тіліндегі жарияланымдар кириллицадағы жазбалармен араласқанда алдымен латын транслитерациясындағы жазбалар (латын әліпбиі бойынша), кейін кириллицадағы жазбалар (орыс/қазақ әліпбиі бойынша) көрсетіледі.
  • Сілтемелердің кемінде 30%-ы Scopus және (немесе) Web of Science деректер базаларында индексалануы тиіс;
  • Сілтемелердің кемінде 50%-ы соңғы 10 жылға тиесілі болуы керек, олардың жартысы 3 жылдан аспауы қажет;
  • Мақала авторлары мен қосалқы авторларының жарияланымдарының саны әдебиеттер тізімінің жалпы санының 20%-нан аспауы керек;
  • Егер мақалада DOI болса, оны міндетті түрде көрсету қажет;
  • Мақала мәтінінде дәйексөз немесе дереккөзге сілтеме жасаған кезде автор-жыл форматы дөңгелек жақшаларда көрсетілуі тиіс;
  • Егер автордың тегі мәтінде бұрын аталған болса, жақшаларда тек жыл ғана көрсетіледі (қажет болған жағдайда бет нөмірі де қосылады).

 

Төменде пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу мен мәтін ішіндегі сілтемелерді ресімдеу үлгілері келтірілген.

Шарт

Мысал

1 автор

(Simanovski, 2025)

2 автор

(Myers and Twenge, 2014)

3 автор

Первый раз — (Karpenko, Kazanbieva and Dubinina, 2022), далее — (Karpenko et al., 2022)

4 және одан көп авторлар

Всегда — (Ерментаева et al., 2014)

Көп дереккөздерді бір уақытта сілтеу

(Barkhuizen, 2016; Karpenko, Kazanbieva and Dubinina, 2022; Horowitz, 2006)

Бір автордың бір жылдағы бірнеше жарияланымдары

(Simanovski, 2025a; Simanovski, 2025b)

Авторсыз

(United Nations, n.d.)

Күні жоқ

(Grants.kz, n.d.)

Екіншілік сілтеме (ұсынылмайды)

(Campell, 1976, as cited in Barkhuizen, 2016, p. 30)

 

Шарт

Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің форматы

Кітаптар

Кітап (баспа нұсқасы)

Симановский, А.Э. (2025) Педагогическая психология: учебник для среднего профессионального образования. 3-е изд., перераб. и доп. Москва: Издательство Юрайт.

Электронды дереккөз

Симановский, А.Э. (2025) Педагогическая психология: учебник для среднего профессионального образования. 3-е изд., перераб. и доп. Москва: Издательство Юрайт. Доступно на: https://urait.ru/bcode/569024 (дата обращения: 18.05.2025).

Тараудан дәйексөз

Симановский, А.Э. (2025) «Психология воспитания», в Педагогическая психология: учебник для среднего профессионального образования. 3-е изд., перераб. и доп. Москва: Издательство Юрайт, с. 120–143.

Аудармалы кітап

 

Майерс, Д.Г. және Туен, Ж.М. (2014) Әлеуметтік психология. Ағылшын тілінен аударған А.Р. Ерментаев, К.Р. Қалкеева, Г.К. Шолпанқұлова ж.т.б. Алматы: McGraw Hill Education.

DOI нөмірі бар мақалалар

Ағылшын тілінде

 

Barkhuizen, G. (2016) ‘Narrative approaches to exploring language, identity and power in language teacher education’, RELC Journal, 47(1), pp. 25–42. https://doi.org/10.1177/0033688216631222.

Қазақ немесе орыс тілдерінде (кириллица).

Карпенко, Е., Казанбиева, А. и Дубинина, С. (2022) «Дистанционное обучение как инструмент развития человеческого капитала», Региональные проблемы преобразования экономики, (9), с. 68–77. https://doi.org/10.26726/1812-7096-2021-9-68-77

DOI нөмірі жоқ мақалалар

Ағылшын тілінде

 

Horowitz, E. (2006) ‘George Eliot: The conservative’, Victorian Studies, 49(1), pp. 7–32. Available at: https://www.jstor.org/stable/4618949 (Accessed: 14 May 2020).

Қазақ немесе орыс тілдерінде (кириллица).

Ведилина, Е.А. и Ендураева, Е.Ю. (2012) «Реализация принципов личностно-ориентированного обучения в начальной школе», Педагогический вестник Казахстана, 4, стр. 16–21. Қолжетімді: https://pedvestnik.ppu.edu.kz/storage/journals/5.pdf (қол жеткізілген күні: 2025 жылғы 19 мамыр).

Веб-дереккөз

Ағылшын тілінде

 

United Nations (n.d.) ‘Protect human rights’, Our work. Available at: https://www.un.org/en/our-work/protect-human-rights (Accessed: 19 May 2025).

Қазақ немесе орыс тілдерінде (кириллица).

Токаев, Қ.-Ж. (2024) «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм», Қазақстан халқына Жолдау, 2 қыркүйек. Қолжетімді: https://www.akorda.kz/ru/addresses?ysclid=mauqmltq1r337579618 (қол жеткізілген күні: 2025 жылғы 19 мамыр).

 

Токаев, К.-Ж. (2024) «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм», Послание Главы государства Касым‑Жомарта Токаева народу Казахстана, 2 сентября. Доступно по адресу: https://www.akorda.kz/ru/addresses?ysclid=mauqmltq1r337579618 (дата обращения: 19 мая 2025 г.).

Әлеуметтік желілер

Ағылшын тілінде

 

Kramer, K. [@SenKevinCramer] (2020) ‘Vacancies...’ [Twitter] 24 September. Available at: https://twitter.com/... (Accessed: 25 September 2020).

Қазақ немесе орыс тілдерінде (кириллица).

Grants.kz [@grants.kz] (2025) «Ученик специализированного IT‑лицея из Мангистауской области, Рамазан Бутантаев, занял первое место на Азиатско‑Тихоокеанской лингвистической олимпиаде APLO‑2025. [Instagram] Қолжетімді: https://www.instagram.com/p/DJRMtyIs705/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== (қол жеткізілген күні: 2025 жылғы 19 мамыр).

 

Әдебиеттер тізімінің транслитерациясынан кейін міндетті түрде үш тілде «Авторлар туралы мәліметтер» бөлімін ұсыну қажет. «Авторлар туралы мәліметтер» бөлімінде барлық деректер көрсетілуі тиіс: Аты-жөні – хат-хабар авторы, ғылыми дәрежесі, мамандығы, қызметі, ұйымы, мекенжайы: индекс, қала, ел — толық түрде.