Мақала қарастыру тәртібі

Мақалаларды жариялау шарттары

Ғылыми мақала — автордың өзіндік тұжырымдары мен ғылыми зерттеу, тәжірибелік немесе аналитикалық қызметтің аралық немесе соңғы нәтижелерін баяндау, авторлық жұмыстарды, қорытындыларды, ұсыныстарды қамтиды, бұған дейін жарияланбаған және жаңалық қасиетіне ие; немесе ортақ тақырыпқа байланысты бұрын жарияланған ғылыми мақалаларды қарастыруға арналған (жүйелі шолу).

Барлық ғылыми мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады және бұған дейін баспа және/немесе электронды түрде жарияланбауы тиіс.

Мақаланың қабылданған күні ретінде редакцияға оның соңғы нұсқасының түскен күні есептеледі. Редакция мақала мазмұнын бұзбайтын редакторлық өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

Шетелдік авторлардың мақалалары және ағылшын тіліндегі мақалалар журналдың әр нөміріндегі жарияланымдардың кем дегенде 1/3 (үштен бір) үлесін құрайды немесе Қазақстандық әріптессіз ағылшын тіліндегі бір (1) шетелдік автор мақаласы есепке алынады.

Баспа үйімен байланысы жоқ авторлардың ғылыми мақалалары журналдың әр нөміріндегі жарияланымдардың кем дегенде 50% (елу пайыз) құрайды.

Бір журнал нөмірінде автор бір ғана мақала жариялай алады, соавторлықты қоса есептегенде. Бір автордың мақалаcы (жеке немесе бірлесіп дайындалған) екі бірінен кейінгі нөмірде қатарынан жариялануы мүмкін емес.

Антиплагиат жүйесі арқылы тексерілгеннен кейін түпнұсқалығы 75% және одан жоғары болатын қолжазбалар ғана әрі қарай рецензиялауға жіберіледі.

Журналда жариялауға қабылданған әрбір түпнұсқа мақаласына тұрақты сілтеме мен халықаралық сәйкестендіруді қамтамасыз ететін бірегей DOI (Digital Object Identifier) сандық объектінің идентификаторы беріледі.

Ашықтық пен академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында редакция әрбір мақалаға қолжазбаның түскен күнін, жариялауға мақұлданған күнін және мақаланың журнал сайтында орналастырылған күнін жариялайды.

«Gumilyov journal of pedagogy» журналында жариялау үшін мақалаларды дайындау кезінде ғылыми мақала құрылымын қатаң сақтап, рәсімдеу ережелеріне сәйкес жүру қажет.

 

Шолу жүргізу тәртібі

Журнал редакциясына түскен барлық ғылыми мақалалар міндетті түрде қосарланған соқыр шолу рәсімінен өтеді (шолушы рукопис авторларын білмейді, авторлар шолушыларды білмейді). Рукопис екі шолушыға бағалау үшін жіберіледі.

Мақалаларды шолу журналдың редакциялық кеңесінің және редакциялық коллегия мүшелерімен, сондай-ақ саланың жетекші мамандары ретінде шақырылған шолушылармен жүргізіледі. Мақаланы сараптау үшін шолушыны таңдау туралы шешімді бас редактор, бас редактордың орынбасары немесе жауапты редактор қабылдайды.

Шолу мерзімі 4 аптаға дейін, бірақ шолушының өтініші бойынша тағы 2 аптаға ұзартылуы мүмкін.

Әрбір шолушы, егер мүдделер қақтығысы анық байқалса және бұл рукопистің материалдарын қабылдау мен түсінуге әсер етсе, шолудан бас тарту құқығына ие.

Мақала қарау нәтижелері бойынша шолушы мақаланың әрі қарайғы тағдыры туралы ұсыныстар береді (әр шешім негізделеді):

  • мақала қазіргі күйінде жариялауға ұсынылады;
  • мақала шолушы белгілеген кемшіліктер түзетілгеннен кейін жариялауға ұсынылады;
  • мақала қосымша басқа маманның шолуынан өтуі қажет;
  • мақала журналда жарияланбауы тиіс.

Егер рецензияда мақалаға түзету және жетілдіру бойынша ұсыныстар болса, журнал редакциясы авторға рецензия мәтінін жіберіп, оны келесі нұсқаны дайындау кезінде ескеруін немесе оларды негіздеп (бөліктен немесе толықтай) жоққа шығаруды ұсынады. Мақаланы жетілдіру электрондық хабарлама авторларға жөнделу қажеттілігі туралы жіберілген сәттен бастап 1 айдан артық уақыт алмайды. Автордың түзеткен мақаласы қайтадан рецензиялауға жіберіледі. Қайта рецензиялау мерзімі 2 аптаға дейін болады.

Авторлар материалдарды жетілдіруден бас тартқан жағдайда, олар мақаланы жариялаудан бас тартқандығы туралы редакцияға жазбаша немесе ауызша түрде хабарлауы керек. Егер авторлар рецензия жіберілген күннен бастап бір ай ішінде түзетілген нұсқасын қайтармаса, тіпті мақалаға түзету жасаудан бас тартқандығы туралы хабарлама болмаған жағдайда да, редакция мақаланы есептен шығарады. Осындай жағдайларда авторларға мақалаға түзету жасауға берілген мерзімнің аяқталуына байланысты қолжазбаны тіркеуден алу туралы тиісті хабарлама жіберіледі.

Егер автор мен рецензенттер арасында қолжазбаға қатысты шешілмейтін қарама-қайшылықтар туындаса, редакциялық кеңес қолжазбаны қосымша рецензиялауға жібере алады. Қақтығысты жағдайларда шешімді бас редактор редакциялық коллегия отырысында қабылдайды.

Қолжазбаны жариялаудан бас тарту туралы шешім редакциялық коллегияның ұсыныстары негізінде қабылданады. Редакциялық коллегияның жариялауға ұсынбаған мақаласы қайта қарауға қабылданбайды. Жариялаудан бас тарту туралы хабарлама авторға электрондық пошта арқылы жіберіледі. Мақаланы жариялауға рұқсат беру туралы редакциялық коллегия шешім қабылдағаннан кейін редакция авторды хабарландырып, жариялау мерзімдерін көрсетеді.

Оң рецензияның болуы мақала жариялауға жеткілікті негіз болып саналмайды. Жариялау туралы соңғы шешімді редакциялық коллегия қабылдайды. Қақтығыс жағдайында шешімді бас редактор қабылдайды.

 

Мүдделерді жариялау және мүдделер қақтығысы саясаты

Жарияланбаған мәліметтер, ұсынылған қолжазбалардан алынған, автордың жазбаша келісімінсіз жеке зерттеулерде пайдалануға болмайды. Рецензиялау кезінде алынған ақпарат немесе идеялар, мүмкін болатын артықшылықтарға байланысты, құпия болып сақталуы тиіс және жеке пайда алу мақсатында пайдаланылмауы керек.
Рецензенттер бәсекелестік, бірлескен және басқа да өзара әрекеттесу және қатынастар нәтижесінде авторлардың, компаниялардың немесе ұсынылған жұмысқа қатысты басқа ұйымдардың мүдделері қайшы келген жағдайда қолжазбаларды қарауға қатыспауы тиіс.

Барлық мүдделі тұлғаларға (авторлар, рецензенттер, редакторлар және журналдың редакциялық коллегия мүшелері) мүмкіндігінше жариялау кезеңінің барлық сатыларында кез келген нұсқадағы мүдделер қақтығысының туындауын болдырмау қажет. Егер қандай да бір мүдделер қақтығысы анықталса, оны анықтаған адам дереу редакцияға хабарлауы тиіс. Бұл ереже жариялау мен ғылыми этика принциптері, стандарттары мен нормаларын бұзу кезіндегі басқа да жағдайларға қатысты қолданылады.
Автормен, редакторлармен және рецензенттермен байланысты этикалық нормаларды бұзу жағдайлары, жоғарыда аталғандармен реттелмеген болса, Ғылыми жарияланым этикасы комитетінің (Committee on Publication Ethics: COPE, Promoting integrity in scholarly research and its publication) этика принциптері бойынша шешіледі.

 

Жариялаудан бас тарту негіздері

1 Мақала антиплагиат тексерісінен өтпеді.

2 Мақалаға екі жағымсыз рецензия болған жағдайда.

3 Автор рецензенттердің ұсынған түзетулерін енгізбеді.

4 Антиплагиат жүйесінде тексеру нәтижесінде жасанды мәтіннің болуы анықталды.