Жоғары сыныптарда биологияның күрделі тақырыптарын оқыту: мұғалімдердің көзқарастары мен тәжірибелері (аралас зерттеу)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-154-1-43-63

Кілт сөздер:

биология, күрделі тақырыптар, молекулалық биология, тұқымқуалаушылық, оқыту әдістемесі, визуалды құралдар

Аңдатпа

Бұл мақалада жоғары сыныптарда биологияның күрделі тақырыптарын оқытуда кездесетін негізгі қиындықтар сипатталады. Зерттеу нысаны ретінде молекулалық биология, биохимия, тұқымқуалаушылық заңдары және координация және реттелу жүйелері тараулары алынған. Зерттеудің мақсаты – аталған тақырыптарды меңгеру кезінде оқушылар мен мұғалімдерге кедергі келтіретін факторларды анықтау және тиімді педагогикалық тәсілдерді ұсыну. Аралас әдіс (mixed methods) негізінде жинақталған деректер нәтижесінде оқытудың басты қиындықтары ретінде мазмұнның абстрактілігі, уақыттың шектеулілігі, зертханалық жабдықтардың жеткіліксіздігі және оқулық тілінің күрделілігі анықталды. Бұл проблемаларды шешу үшін визуалды және интерактивті құралдарды қолдану, зертханалық жұмыстардың көлемін арттыру және оқу бағдарламасын оңтайландыру ұсынылады. Сонымен қатар, жаңа технологиялар мен мультимедиалық ресурстарды пайдалану оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға және оқу процесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететіні анықталды. Зерттеу нәтижелері мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, оқыту стратегияларын жетілдіру және зертханалық базаны нығайту қажеттілігін көрсетті. Практикалық тұрғыда зертханалық және тәжірибелік сабақтардың үлесін арттыру, белсенді оқыту әдістерін енгізу және оқу процесін тиімді ұйымдастыру ұсынылады. Бұл зерттеу биологияны оқыту сапасын арттыруға және оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды үлес болып табылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жоғары сыныптарда биологияның күрделі тақырыптарын оқыту: мұғалімдердің көзқарастары мен тәжірибелері (аралас зерттеу). (2026). Gumilyov Journal of Pedagogy, 154(1), 43-63. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-154-1-43-63

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 59

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.