Болашақ педагог-психологтердің кәсіби қызметінде цифрлық технологияларды қолдануының ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-116-132

Кілт сөздер:

құзыреттілік, кәсібилік, кәсіби құзыреттілік, цифрлық құзыреттілік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, цифрлық технологиялар, болашақ педагог-психологтер

Аңдатпа

Мақала болашақ педагог-психологтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мәселесін зерттеу қажеттілігімен байланысты. Сондықтан болашақ педагог-психологтердің кәсіби қызметінде цифрлық технологияларды қолдануының басты мақсатын қарастыратын боламыз. Қазіргі таңда білім жүйесінің түрлі өзгерістерге ұшырауының басты себебі ақпараттық ағымның көп болуында. Қоғамның жылдам өзгерістеріне бейімделуінде өмір бойы білім алу қабілетінің бірі цифрлық құзыреттілігін дамытып отыру қажет. Заманауи кәсіби білім беру жүйесінің цифрлық ортада жұмыс істеуге, жетілдіруге және дамуға дайын маман даярлау міндетін ескере отырып, «цифрлық құзыреттілік» ұғымының мәні ашып көрсетіледі. Біздің пікірімізше, цифрлық құзыреттілік – бұл болашақ педагог-психологтердің цифрлық ортада (цифрлық дағдылар, цифрлық сауаттылық, алгоритмдік ойлау, деректерді талдау) цифрлық өнімдермен жұмыс істеу бойынша құзыреттер жиынтығының қалыптасуы, оларды кәсіби қызмет міндеттерін шешуде қолдану мүмкіндігі. Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін білім беру ұйымдары да өзгеріске дайын болуы керек. Сонымен қатар болашақ педагог-психологтер де кәсіби қызметінде нәтижелі, жауапты, белсенді, цифрлық технологияларды пайдалануда сауатты болуы керек. Цифрлық технологиялар – жаңа мүмкіндіктерді ашатын, әлемнің кез келген жерінде оқуға, өз білім беру қабілетін құруға және көптеген мүмкіндік беретін заманауи адамдардың өмір сүру ортасы. Болашақ педагог-психологтерге цифрлық технологияларды жүйелі және стратегиялық түрде пайдалану оларға ақпаратты жүйелі іздеу арқылы білім алуға және тәртіпті дамытуға, цифрлық білімді тез меңгеруге көмектеседі. Зерттеуде болашақ педагог-психологтердің цифрлық құзыреттілігін кәсіби тұрғыда дамыту цифрлық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Мақалада зерттеу мәселесіне теориялық талдау жасалады, болашақ педагог-психологтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту жағдайларын анықтауға бағытталған эмпирикалық зерттеудің нәтижелері беріледі. Ұсынылған мәліметтер болашақ педагог-психологтердің кәсіби қызметінде цифрлық құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік береді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Болашақ педагог-психологтердің кәсіби қызметінде цифрлық технологияларды қолдануының ерекшеліктері. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 153(4), 116-132. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-116-132

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 70

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.