Заманауи білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби-зерттеушілік ойлауын дамыту мәселесі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-154-1-8-22Кілт сөздер:
педогог-психолог, кәсіби зерттеушілік ойлау, заманауи білім беру процесі, ойлау, кәсіби қызметАңдатпа
Білім беру процесі – бұл әлеуметтік, экономикалық, саяси, нормативтік, материалдық-техникалық және технологиялық сипаттағы әртүрлі факторлардың әсерінен өзгеретін және дамитын динамикалық құбылыс, және де оның мазмұнын уақыт талаптарына сәйкес үнемі жаңартып отыру қажет. Педагогтың кәсіби ойлауын зерттеу мәселесі педагогикалық психологиядағы іргелі мәселелердің бірі болып табылады. Оның маңыздылығы мұғалімнің іс-әрекетін, оның кәсіби мінез-құлқы мен қарым-қатынасын ұйымдастырудағы педагогикалық ойлаудың рөліне байланысты. Заманауи педагогикалық еңбек процесі стандарт пен шаблондауға бағынбайды, себебі мұғалімнің шығармашылық міндеттерінің ауқымы бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда өте үлкен, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына, формалары мен әдістеріне түбегейлі инновациялар енгізуден бастап, мұғалімнің әр түрлі жағдайларында туындайтын әр түрлі ағымдағы мәселелерді шешуге дейін. Зерттеудің тұжырымдамалық негізі қазіргі заманғы тенденциялар мен цифрлық өзгерістерге байланысты ғылымдардың қазіргі даму жағдайын ескере отырып, болашақ педагог-психологтардың кәсіби-зерттеушілік ойлауын өзгертуге серпін болды. Мақалада «кәсіби ойлау» ұғымының мәні мен «заманауи педагог-психолог дағдылары» терең қарастырылып, оның негізгі анықтамасы тұжырымдалады. Болашақ педагогтердің зерттеушілік ойлауын дамыту үдерісінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін психологиялық-педагогикалық негіздерді анықтауға ерекше назар аударылады. Мақаланың мақсаты – болашақ педагог-психологтардың кәсіби-зерттеушілік ойлауын дамыту мәселелері мен оны шешу жолдарын анықтау. Бұл мақалада болашақ педагог-психологтардың арасында жүргізілген сауалнама әдісі, отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми басылымдарда жарияланған еңбектеріне шолу, жалпылау секілді зерттеу әдістері қолданылды.






