Информатика пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлау ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-150-1-230-247

Кілт сөздер:

ақпараттық жүйе, ақпараттық технологиялар, бейіндік пән, информатика, оқыту процесі, пәндер комбинациясы, Ұлттық бірыңғай тестілеу

Аңдатпа

Қазақстан Республикасында Ұлттық бірыңғай тестілеу жалпы орта мектептің білім сапасын бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі. Тестілеуден жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін оқушыларға сапалы дайындық қажет. Оқушы тек теориялық білімді меңгеріп қана қоймай, оны тәжірибеде қолдана алуы тиіс. Осыған байланысты Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі жаңартып отыру қажет. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері арқылы мектеп бітіруші түлектердің бейіндік және таңдау пәндерінен меңгерілген білім деңгейі анықталады. Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі жылдан-жылға толықтырылып келеді. Соның бірі – ақпараттық технологиялар білім беру бағдарламаларына түсу үшін «Математика-Информатика» пәндер комбинациясын енгізу. Ақпараттық технологиялар  саласын дамытудың бір жолы – білікті кәсіби мамандарды оқытып шығарумен тікелей байланысты. Ұлттық бірыңғай тестілеуге информатика пәнінен даярлау жалпы орта мектепте информатика пәнінің теориялық мазмұнының ерекшеліктерін қамтамасыз етуге негізделген. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы мектеп бітірушінің  дайындық деңгейінің айқын көрсеткіші болып саналады. Осы жағдай Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудың тиімді əдіс-тəсілдерін меңгеруді талап етеді.

Мақалада информатика пәнін оқытудың халықаралық  тәжірибесі мен Қазақстан Республикасының жалпы орта мектепте оқыту жүйесіндегі ерекшеліктері салыстырмалы түрде талданып, информатика пәнінен Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тараулар мен сұрақтар тобын әзірлеу мен іріктеудің негізгі аспектілері қарастырылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-04-25

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Информатика пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлау ерекшеліктері. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 150(1), 230-247. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-150-1-230-247

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 21

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.