Қазақ тілді студенттерді неміс тілін екінші шет тілі ретінде оқытуда ағылшын және неміс тілдерінің интерференциясына контрастивтік тәсіл
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-156-3-44-54Кілт сөздер:
екінші шет тілін оқыту әдістемесі, лингводидактика, оқытудағы тілдің интерференциясы, көптілді білім беруАңдатпа
Неміс тілі мұғалімдерінің назарының біздің еліміздегі жоғары оқу орындарында неміс тілін екінші шет тілі ретінде оқытуға аударылуы, белгілі болғандай, бір жағынан жүргізіліп жатқан тіл саясатына, екінші жағынан, студенттердің де, оқытушылардың да неміс тіліне деген әлі де өшпес қызығушылығына байланысты. Сонымен, неміс тілін екінші шет тілі ретінде оқытудың теориясы мен дидактикасы саласындағы зерттеулердің өзектілігі бүгінгі күннің талабы болып табылады. Бұл мақалада қазақ тілінде оқытылатын топтарда ағылшын тілінен кейін неміс тілінің мысалында екінші шет тілін оқытудың лингводидактикалық аспектілері қарастырылады. Оқыту тәжірибесіне сүйене отырып, екінші шет тілі ретінде неміс тілін, бірінші шет тілі ретінде ағылшын тілін мысалға ала отырып, студенттерге сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін үйрету кезінде туындайтын кедергілерді жеңу әдістері көрсетілген. Нақты мысалдар негізінде тілдік материалды ұсыну стратегиясы, туындайтын интерференция, оны еңсеру жолдары, сондай-ақ бірінші шет тілін оқып-үйрену барысында бұрын тәжірибе жинақтаған студенттердің әлеуетті мүмкіндіктерін ескеру және ана тілінің екінші шет тілін меңгеруге әсері көрсетілді.





