Профессионалдық шеттілділік білім берудегі формативтік бағалау: күйі және келешегі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-150-1-318-331

Кілт сөздер:

қалыптастырушы бағалау, формативтік бағалау, шеттілділік білім беру, кәсіби білім беру

Аңдатпа

Кәсіптік білім беруде бағалау әрқашан болашақ мамандардың білімінің сыни көрсеткіші болып табылады. Алайда, қайта-қайта трансформацияланатын және кең ауқымды педагогикалық мақсаттар үшін жүзеге асырылатын мектептегі бағалау процедураларына қарағанда, жоғары білімде соңғы 15 жыл ішінде бағалау өзгеріссіз және өзінше дәстүрлі болып қалды. Білім берудің мазмұны, оқу бағдарламасы және студенттердің қажеттіліктері бағалаудың әртүрлі тәсілдерін қолдануды талап етуі мүмкін, бұл жағдайда бағалау процедураларын семестр немесе оқу жылының соңында қорытынды емтихандарға қарағанда жиі өткізу қажеттілігі туындайды. Кәсіби шеттілдік білім берудегі педагогикалық процестің тұрақты мәселесі – білім беру сапасы. Тек білім алуға негізделген оқудан студенттердің бойында құзыреттілік дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударылған жағдай қалыптасты. Демек, білім беру мазмұны өзгерсе, ал бағалау құралдарының жүйесі болашақ мамандардың басқа кәсіби көрсеткіштерін бағалауға жеткілікті мөлшерде қабілетті емес, сол күйінде қалды. Оқытушылар мен студенттер арасында тұрақты кері байланысты қамтамасыз ете отырып, мақаладағы талданып отырған формативтік бағалау жоғары білім беруде басты рөл атқарады және осылайша динамикалық, жекелендірілген оқу ортасын қалыптастырады. Мақалада жоғары шеттілділік білім берудегі формативтік бағалаудың қазіргі жағдайы, оқыту стратегиялары және оның білім беру тәжірибесі аясында студенттердің оқу нәтижелеріне әсері қарастырылып, соған қоса формативтік және дәстүрлі бағалау жүйелеріне салыстырмалы талдау жасалған. Сонымен қатар, кәсіби шеттілділік білім беруде формативтік бағалауды қолданудағы олқылықтар анықталып, оқушылардың құзыреттілігіне объективті баға бере алатын осы маңызды педагогикалық құралды қолданудың келешегі болжанады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 21

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.