Студент жастар арасындағы ментальды терроризмнің әлеуметтік-педагогикалық алдын алуын ұйымдастыру моделі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-151-2-161-176Кілт сөздер:
ментальды терроризм, студент жастар тәрбиесі, әлеуметтік-педагогикалық превенция, модельАңдатпа
Бұл мақалада студент жастар арасында ментальды терроризмнің әлеуметтік-педагогикалық алдын алуын ұйымдастыру моделі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі ауыр әлеуметтік салдарға алып келетін жастарға қатысты экстремизм мен ментальды терроризм қаупінің артуына байланысты болды. Ментальды терроризм ұғымы жоғары білім беру контексінде қарастырыла отырып, ғылыми еңбектер негізінде ұғымға түсіндірме жасалды. Жастар арасындағы ментальды терроризм мәселелерін зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне талдау жүргізіліп, авторлардың жеке көзқарастары дәйектелді. Жоғары білім беру мекемелеріндегі ментальды терроризмнің алдын алудағы негізгі принциптері мен тәсілдері талданып, студенттермен жұмыс істеудің тиімді формалары мен әдістері қарастырылады. Ғылыми жарияланымдарды, нормативтік актілерді талдауды қамтитын материалдар мен әдістер пайдаланылды. Қазақстан Республикасының ментальды терроризмге қарсы қарастырылатын Заңдарына сипаттама жасалды. Ментальды терроризм қаупінің негізгі аспектілері топтастырылып, оның студент жастар арасында әлеуметтік-педагогикалық алдын алуды ұйымдастыру моделі құрастырылды. Мотивациялық-құндылықтық, тұжырымдамалық, мазмұндық-технологиялық, бағалау-өлшемдік блоктарды қамтитын модель психологиялық тұрақты, ментальды терроризм туралы толық ақпараттанған, әлеуметтік бастамаларда белсенді, академиялық білім жоғары, экстремисттік ойлар мен радикалды идеяларға ұшырау қаупі жоқ студент тұлғасын қалыптастыру нәтижесіне бағытталады.






