Көркем білім беруде студенттердің сыни ойлау дағдысын дамытудағы цифрлық технологиялардың рөлі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-152-3-237-255Кілт сөздер:
көркем өнер, сыни ойлау, цифрлық технологиялар, цифрлық өнер, интуициялық ойлау, цифрлық құзіреттілік, жүйелік тәсілАңдатпа
Мақалада көркем білім беру саласындағы студенттердің сыни ойлау дағдыларын дамытудың теориясы мен әдістемесіне арналған ғылыми еңбектерге талдау жасалған. Сонымен қатар, сыни ойлаудың мағынасын ашатын теориялық тұжырымдамалары зерделенді және студенттердің креативтілігін артырудағы цифрлық құралдардың білім беру процессіндегі рөлі қарастырылды. Мақаланың мақсаты – цифрлық технологияларды пайдалана отырып, студенттердің сыни ойлау шығармашылық қабілеттерін дамыту және оларды заманауи өнер саласына бейімдеу. Осыған орай, сыни ойлау ұғымы терең талданып, цифрлық өнер мен көркем білім беру саласындағы ғылыми еңбектерге теориялық сараптамалар жасалды. Шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулерін салыстырмалы түрде талдап, әртүрлі ғылым салаларындағы (психология, педагогика, философия, социология) тұжырымдамалардың мағынасы айқындалды. Болашақ бейнелеу өнері оқытушыларының цифрлық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруларына негіз болатын сыни ойлаудың тиімділігі қаралды. Заманауи суретші педагогтардың цифрлық технологияларға қатысты шығармашылық еңбектері де қарастырылып, дереккөздердегі мақалаларға терең талдау жасалды. Цифрлық технологиялар мүмкіндіктерінің көркем білім беруде интеграциялау жолдары және оларды дәстүрлі оқыту әдістерін жаңартуда маңыздылығы қамтылды. Интерактивті технологиялар арқылы студенттердің еркіндікке және шығармашылық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретіні көрсетілді. Цифрлық технологияларды қолдану көркемөнерде оқитын болашақ суретші педагогтарға сыни ойлауды дамытудың тиімді жолы қарастырылып, бұл олардың шығармашылық әлеуетін арттырып, заманауи өнер нарығына дайындауға ықпалының маңыздылығы анықталды.Downloads
Download data is not yet available.
Жүктеулер
Жарияланды
2025-09-30
Журналдың саны
Бөлім
Статьи
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Көркем білім беруде студенттердің сыни ойлау дағдысын дамытудағы цифрлық технологиялардың рөлі. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 152(3), 237-255. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-152-3-237-255






