Педагог-психологтарды кәсіби даярлаудағы генеративті жасанды интеллект: теориялық талдау
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-155-2-132-152Кілт сөздер:
генеративті жасанды интеллект, педагог-психолог, кәсіби даярлау, білім беруді цифрландыру, кәсіби құзыреттер, психологиялық-педагогикалық білім беру, нейрожелілік технологиялар, кәсіби автоматтандырылмайтын аймақ, жасырын білім, әрекеттегі рефлексияАңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасында педагог-психологтарды кәсіби даярлауда генеративті жасанды интеллектті (ЖИ) пайдаланудың мүмкіндіктері мен шектеулерін теориялық талдауға арналған. Зерттеудің негізгі нәтижесі – генеративті модельдер арқылы қалыптастыру принципті түрде мүмкін емес және тек тікелей тұлғааралық өзара әрекеттестік жағдайында ғана қалыптасатын кәсіби құзыреттер санаты ретінде «кәсіби автоматтандырылмайтын аймақ» ұғымын енгізу және теориялық негіздеу болып табылады (эмпатиялық байланыс, белгісіздік жағдайындағы этикалық пайымдау, вербалды емес мінез-құлықты түсіндіру, дағдарыс жағдайларын интуитивті тану). Ұсынылған дифференциацияның теориялық негізі ретінде М. Полани мен Д. Шённің рефлексиялаушы практик теориясының тұжырымдамалары алынды. Ұсынылған шеңбердің қолданылуы Әбу Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің 6В01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының материалында көрсетіледі. Сонымен қатар, авторлардың меншікті эмпирикалық зерттеуінің нәтижелерімен (N=312) расталады, бұл генеративті ЖИ-дің формализацияланатын құзыреттер аймағында тиімділігін көрсетті. Мақалада сонымен қатар педагог-психологтарды даярлауда генеративті ЖИ-ды пайдаланудың негізгі бағыттары (оқытуды жекелендіру, кәсіби жағдайларды модельдеу, рутиналық тапсырмаларды автоматтандыру), білім беруді цифрландырудың қазақстандық институционалдық контексі, сондай-ақ технологияны енгізудің әлеуетті тәуекелдері, оның ішінде этикалық аспектілер, академиялық адалдық және ұлттық тілдік KazLLM моделінің маңыздылығын арттыратын тілдік кедергі қарастырылған. Қазақстан Республикасының ұлттық контексін ескере отырып, генеративті ЖИ-ды педагог-психологтарды даярлау жүйесіне тиімді және қауіпсіз интеграциялау шарттары тұжырымдалды.






