Журнал туралы

Gumilyov Journal of Pedagogy — бұл педагогика саласындағы түпнұсқа және сапалы ғылыми зерттеулерді жариялайтын рецензияланатын ғылыми журнал.

Журнал «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Әлеуметтану» журналының заңды мұрагері болып табылады
(ISSN баспа: 2616-6895, ISSN онлайн: 2663-2497).

2025 жылғы 25 ақпаннан бастап журнал жаңа атаумен ресми тіркелді — Gumilyov Journal of Pedagogy (ISSN баспа: 3080-1710), Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі берген № KZ79VPY00113358 қайта есепке алу куәлігінің негізінде.

ISSN баспа: 3080-1710

Мамандандыруы: білім беру

Шығу жиілігі: жылына 4 рет

Сайт: https://pedjournal.enu.kz

Ұйымдастырушы және баспагер: «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» АҚ, 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Сәтпаев көшесі, 2 (ЕНУ негізгі оқу-әкімшілік корпусы)

Журналдың негізгі мақсаты — педагогикалық ғылымның дамуына және білім беру саласындағы құбылыстарды, үдерістерді және динамиканы тереңірек түсінуге ықпал ететін жоғары сапалы түпнұсқа зерттеулерді жариялау.
Журнал — шынайылықты теориялық тұрғыдан ұғынуға және қатаң әдіснамалық негізге сүйенген соңғы зерттеу нәтижелерімен алмасуға арналған алаң.

Сонымен қатар басылым педагогика саласындағы әртүрлі ғылыми мектептер арасындағы диалогты ынталандыра отырып, теориялық және әдіснамалық көзқарастардың кең ауқымына ашық.

 

Журналдың міндеттері:

  1. Жаңашылдығымен, маңыздылығымен және теориялық әрі эмпирикалық талдаудың жоғары деңгейімен ерекшеленетін түпнұсқа ғылыми мақалаларды жариялау;
  2. Білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен қазіргі заман сын-қатерлерін талқылауға арналған платформа құру;
  3. Академиялық қауымдастық, практик мамандар мен шешім қабылдайтын тұлғалар үшін маңызды іргелі және қолданбалы зерттеулердің дамуына ықпал ету;
  4. Жарияланған зерттеулердің жаһандық ғылыми қауымдастық пен жұртшылық үшін кең таралуы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін ашық қолжетімділік (Open Access) қағидаттарын қолдау;
  5. Педагогика мен басқа ғылым салаларының тоғысындағы пәнаралық зерттеулерді қолдау;
  6. Қазіргі білім беру үдерістерін академиялық тұрғыда талқылау мен сыни ұғынуды ынталандыру;
  7. Рецензиялау үдерісіне жетекші ғалымдар мен мамандарды тарту арқылы жоғары ғылыми стандарттарды сақтау;
  8. Теориялық, қолданбалы және практикалық маңызға ие іргелі және қолданбалы зерттеулер нәтижелерін ғалымдар, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар үшін жариялау мүмкіндігін ұсыну;
  9. Мақала құрылымына қойылатын журнал талаптарына сәйкес редакциялық алқаның авторлармен жүйелі жұмысы арқылы ел ішіндегі ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру;
  10. Қазақстанды әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялау, соның ішінде халықаралық ғылыми-метрикалық дерекқорларға енуді қамтамасыз ету;
  11. Қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми қауымдастыққа интеграциялануына ықпал ету;
  12. Журналды ашық қолжетімді (Open Access) ғылыми басылым ретінде дамыту;
  13. Журналдың халықаралық дерекқорлар мен ашық электрондық ресурстардағы көрінісін кеңейту;
  14. Зерттеу мәнін кеңейтілген түрде ағылшын тілінде баяндау (Abstract), негізгі түйінді сөздерді (Keywords) және пайдаланылған әдебиеттер тізімін латын графикасында көрсету (References) арқылы журналдың шетелдік оқырмандар үшін қолжетімділігін арттыру.

Хабарландырулар

Ағымдағы шығарылым

Нөмір 151 № 2 (2025)
Жарияланды: 2025-06-30

Барлық шығарылымдар

Статьи

Барлық журнал басылымдарын көрсету