Журнал туралы

Gumilyov Journal of Pedagogy — бұл педагогика саласындағы түпнұсқа және сапалы ғылыми зерттеулерді жариялайтын рецензияланатын ғылыми журнал.

Журнал «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Әлеуметтану» журналының заңды мұрагері болып табылады
(ISSN баспа: 2616-6895, ISSN онлайн: 2663-2497).

2025 жылғы 25 ақпаннан бастап журнал жаңа атаумен ресми тіркелді — Gumilyov Journal of Pedagogy (ISSN баспа: 3080-1710), Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі берген № KZ79VPY00113358 қайта есепке алу куәлігінің негізінде.

ISSN баспа: 3080-1710

Мамандандыруы: білім беру

Шығу жиілігі: жылына 4 рет

Сайт: https://pedjournal.enu.kz

Ұйымдастырушы және баспагер: «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» АҚ, 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Сәтпаев көшесі, 2 (ЕНУ негізгі оқу-әкімшілік корпусы)

Журналдың негізгі мақсаты — педагогикалық ғылымның дамуына және білім беру саласындағы құбылыстарды, үдерістерді және динамиканы тереңірек түсінуге ықпал ететін жоғары сапалы түпнұсқа зерттеулерді жариялау.
Журнал — шынайылықты теориялық тұрғыдан ұғынуға және қатаң әдіснамалық негізге сүйенген соңғы зерттеу нәтижелерімен алмасуға арналған алаң.

Сонымен қатар басылым педагогика саласындағы әртүрлі ғылыми мектептер арасындағы диалогты ынталандыра отырып, теориялық және әдіснамалық көзқарастардың кең ауқымына ашық.

 

Журналдың міндеттері:

  1. Жаңашылдығымен, маңыздылығымен және теориялық әрі эмпирикалық талдаудың жоғары деңгейімен ерекшеленетін түпнұсқа ғылыми мақалаларды жариялау;
  2. Білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен қазіргі заман сын-қатерлерін талқылауға арналған платформа құру;
  3. Академиялық қауымдастық, практик мамандар мен шешім қабылдайтын тұлғалар үшін маңызды іргелі және қолданбалы зерттеулердің дамуына ықпал ету;
  4. Жарияланған зерттеулердің жаһандық ғылыми қауымдастық пен жұртшылық үшін кең таралуы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін ашық қолжетімділік (Open Access) қағидаттарын қолдау;
  5. Педагогика мен басқа ғылым салаларының тоғысындағы пәнаралық зерттеулерді қолдау;
  6. Қазіргі білім беру үдерістерін академиялық тұрғыда талқылау мен сыни ұғынуды ынталандыру;
  7. Рецензиялау үдерісіне жетекші ғалымдар мен мамандарды тарту арқылы жоғары ғылыми стандарттарды сақтау;
  8. Теориялық, қолданбалы және практикалық маңызға ие іргелі және қолданбалы зерттеулер нәтижелерін ғалымдар, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар үшін жариялау мүмкіндігін ұсыну;
  9. Мақала құрылымына қойылатын журнал талаптарына сәйкес редакциялық алқаның авторлармен жүйелі жұмысы арқылы ел ішіндегі ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру;
  10. Қазақстанды әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялау, соның ішінде халықаралық ғылыми-метрикалық дерекқорларға енуді қамтамасыз ету;
  11. Қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми қауымдастыққа интеграциялануына ықпал ету;
  12. Журналды ашық қолжетімді (Open Access) ғылыми басылым ретінде дамыту;
  13. Журналдың халықаралық дерекқорлар мен ашық электрондық ресурстардағы көрінісін кеңейту;
  14. Зерттеу мәнін кеңейтілген түрде ағылшын тілінде баяндау (Abstract), негізгі түйінді сөздерді (Keywords) және пайдаланылған әдебиеттер тізімін латын графикасында көрсету (References) арқылы журналдың шетелдік оқырмандар үшін қолжетімділігін арттыру.

Хабарландырулар

«Gumilyov Journal of Pedagogy» журналының редакциялық алқасы 2026 жылдың 3-санынан бастап ғылыми мақалалар келесі айдарлар бойынша жарияланатынын хабарлайды

2026-08-04

Ағымдағы шығарылым

Нөмір 156 № 3 (2026)
Жарияланды: 2026-09-30

Барлық шығарылымдар

Статьи

  • ЖОО студенттерінің көшбасшылық құзыреттілігін дамытуда  арт-технологияларды интеграциялау

    А.А. Алимбекова, Т.С. Жумашева, А.Т. Кожагулов (Автор)
    9-29
    Қаралымдар: 22 / PDF жүктеулері: 17
  • Жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік ойлауының даму деңгейін критерийлер негізінде бағалау

    Ә.А. Алтынбек, У.М. Абдигапбарова, Ж. Сапарқызы (Автор)
    30-43
    Қаралымдар: 21 / PDF жүктеулері: 15
  • Қазақ тілді студенттерді неміс тілін екінші шет тілі ретінде оқытуда ағылшын және неміс тілдерінің интерференциясына контрастивтік тәсіл

    А.Қ. Әубәкірова, Г.К. Тусупова, Н.А. Устелимова (Автор)
    44-54
    Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 6
  • Қазақстандағы этно-демографиялық зерттеулерді оқыту: әдіснамалық тәсілдер және білім беру технологиялары

    Т.У. Джакипова, Л.К. Садыкова, М.С. Ибраемова (Автор)
    55-71
    Қаралымдар: 18 / PDF жүктеулері: 8
  • Академиялық мақсаттарды ұлттық құндылықтармен үйлестіру

    Ж.Е. Телюқанов, А.А. Нурлаков, Й. Мадалинска-Михалак, С.Н. Альмагамбетов, Н.П. Албытова (Автор)
    72-92
    Қаралымдар: 24 / PDF жүктеулері: 11
  • Болашақ педагог-психологтардың цифрлық сауаттылығын диагностикалау әдістемесі

    Е.Ә. Әбдіжәділ, Қ.Ш. Молдасан, А.Д. Шакирова, С.М. Нурбекова (Автор)
    93-111
    Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 10
  • Цифрлық білім беру ортасында оқушылардың ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру

    Б.С. Байменова, С.С. Жубакова, М.К. Ажгалиев, Ж.О. Аманжолова , А.С. Сабденова (Автор)
    112-134
    Қаралымдар: 21 / PDF жүктеулері: 17
  • Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың әдістемесі мен ерекшеліктері:ақпараттық-талдамалық шолу

    Т.А. Табишев (Автор)
    135-152
    Қаралымдар: 22 / PDF жүктеулері: 7
  • Инженерлік білім берудегі цифрлық тәжірибелердің педагогикалық құндылығы: әлемдік шолу

    A.С. Тулебекова, Н. Рывкина, A. Алдунгарова (Автор)
    153-171
    Қаралымдар: 18 / PDF жүктеулері: 8
  • Қазақстандағы жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытуда ЖИ пайдалануға мұғалімдердің қатынасын салыстырмалы талдау

    Н. Есимханова, С. Мамекова, С. Курбанбаева, Ж. Джунусбекова, С. Кожанов (Автор)
    172-183
    Қаралымдар: 31 / PDF жүктеулері: 13
  • Инклюзивті сыныптарда ағылшын тілін оқытуда жасанды интеллектті қолдану: аралас әдістер негізіндегі зерттеу

    Т.П. Мұхан, А.М. Абдыхалыкова (Автор)
    184-195
    Қаралымдар: 23 / PDF жүктеулері: 6
  • Нашар еститін бастауыш сынып оқушыларын фольклор негізінде патриотизмге тәрбиелеудегі отбасының рөлі

    К.Н. Ахмедиева, А.Ж. Қалықбаева, Ж.А. Пайлозян (Автор)
    196-215
    Қаралымдар: 21 / PDF жүктеулері: 12
  • Химияны оқытудағы пәнаралық байланыстар: білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мүмкіндіктері

    Б.С. Имангалиева, Н.А. Убайдулаева, А.Б. Алдиярова , Ж.С. Сақып (Автор)
    216-236
    Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 16
  • Оқу-дала практикасының тиімділігін арттырудағы квалиметриялық әдістердің рөлі және оларды оқу процесіне енгізу жолдары

    Г.С. Ешимбетова, Г.У. Байташева, К.У. Коразбекова (Автор)
    237-252
    Қаралымдар: 21 / PDF жүктеулері: 11
  • Фасилитация мен топтық жұмыстың зерттеу қызметіне қабылданатын дайындықпен байланысы

    Е.В. Жумагулова, Л.С. Байманова, Л.Н. Навий, Б.С. Байманова (Автор)
    253-270
    Қаралымдар: 19 / PDF жүктеулері: 7
  • Білім берудің гуманистік парадигмасы контекстіндегі мәдени тәрбие

    А.Н. Кошербаева, А.Б. Альчимбаева (Автор)
    271-288
    Қаралымдар: 22 / PDF жүктеулері: 9
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика бойынша алғашқы ұғымдарды оқыту әдістемесі

    Ғ.Е. Тауғынбаева, А.Ж. Жұбанышева (Автор)
    289-308
    Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 10
  • Университет қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында мұғалімдердің кәсіби және жеке дамуына арналған орта ретінде

    М.Я. Колоцей (Автор)
    309-319
    Қаралымдар: 22 / PDF жүктеулері: 8
  • Мұғалімдердің көзімен когнитивтік икемділік үдерістері: Қазақстаннан алынған зерттеу

    Г. Пилтен, П. Пилтен, А. Куралбаева, С. Нурунбетова (Автор)
    320-331
    Қаралымдар: 19 / PDF жүктеулері: 25
  • Қазақстандағы университеттік көшбасшылық: сапалық тұрғыдан зерттеу

    А.Қ. Сағынтаева (Автор)
    332-344
    Қаралымдар: 23 / PDF жүктеулері: 14
Барлық журнал басылымдарын көрсету