Әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастыру негізіндегі кәсіби -тұлғалық даму моделі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-79-99Кілт сөздер:
кәсіби-тұлғалық даму, мәдени әртүрлілікке ашықтық, коммуникабельділік, кәсіби білім, әлеуметтік-мәдени құзыреттілік, әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктің компоненттеріАңдатпа
Әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастыру мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайларына сәтті бейімделуге және кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді. Мақалада студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастыруға ынталандыру деңгейін зерттеу нәтижелері, сондай-ақ кәсіби-тұлғалық даму моделі әзірленген. Зерттеу моделін құру үшін эмпирикалық негізді қамтамасыз етеді және мотивацияның бастапқы деңгейі мен оның өзара байланысын анықтайды. Бұл модельде әлеуметтік-мәдени құзыреттілік кәсіби және жеке өсудің интеграциясының негізгі факторы ретінде қарастырылады. Жұмыста әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктің теориялық негіздері талданып, студенттердің оны қалыптастыруға деген уәждемесі зерттелді және теориялық талдау мен эмпирикалық деректер негізінде кәсіби-тұлғалық дамудың моделі әзірленді. Бұл зерттеуде талдау мен синтездің теориялық әдістері, сондай-ақ эмпирикалық әдістер, соның ішінде сауалнама, статистикалық Z-тест, хи-квадрат критерийі (χ²) және модельдеу қолданылады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – кәсіби және тұлғалық құзыреттіліктерді (мәдени әртүрлілікке ашықтық, коммуникабельділік және кәсіби білім) әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастырудың кең ауқымды үдерісінде қатар дамытуға бағытталған үлгіні ұсыну арқылы ғылым саласына қосқан үлесінде. Жұмыстың теориялық маңыздылығы әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастыру негізінде болашақ шет тілі мұғалімдерінің кәсіби және жеке даму моделін әзірлеумен анықталады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – ұсынылған үлгінің болашақ шет тілі мұғалімдерін даярлау үдерісінде қолданылу мүмкіндігінде, бұл үлгі білім беру саласындағы әртүрлі жағдайларда тиімді кәсіби қызмет пен мәдениетаралық коммуникация үшін қажетті негізгі құзыреттіліктерді жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік береді.






