Pһd және DPhil докторантура бағдарламаларының шетелдік тағылымдамалары мен оқу процесінің ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-151-2-77-96

Кілт сөздер:

PhD және DPhil докторантура, трансформация, тағылымдары, жүйелік, кәсіби даму, интердисциплинарлық тәсілдер, академиялық дамыту

Аңдатпа

Осы зерттеудің мақсаты – докторанттарды даярлаудың шетелдік озық тәжірибесін қазақстандық ұлттық контекспен үйлестіру жолдарын іздеу, соның ішінде академиялық тәлімгерлік саласындағы ғылыми жетекшілердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету арқылы. Мақалада PhD ғылыми кадрларды даярлау бағдарламаларындағы (негізінен АҚШ пен континенталды Еуропа) және DPhil бағдарламаларындағы (Оксфорд пен Ұлыбританияның кейбір университеттеріне тән) шетелдік тағылымдамалар мен оқу үдерісінің ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасалған. Докторантурадағы заманауи сын-қатерлер мен халықаралық үрдістер қарастырылады, соның ішінде докторанттар санының артуы, академиялық ортаның интернационалдануы, диссертациялық зерттеулерге қойылатын талаптар мен олардың түрлерінің трансформациясы, докторлық дәреженің эволюциясы және т.б. мәселелер қамтылған. Докторанттардың ғылыми және кәсіби дамуына, атап айтқанда Erasmus, Fulbright, Chevening сияқты халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламалары мен екіжақты келісімдер шеңберіндегі шетелдік тағылымдамалардың рөліне ерекше назар аударылады. Оксфорд университетінің тәжірибесіне сүйене отырып, білім беру үдерісін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері, зерттеу ортасын дамыту және ғылыми жетекшілердің құзыреттерін арттыру жолдары сипатталады. Сонымен қатар, диссертация монография немесе ғылыми мақалалар жинағы түрінде дайындалатын Хельсинки университетінің докторантура бағдарламаларына қойылатын талаптар келтірілген. Мақалада докторанттарды даярлау сапасын арттыру, халықаралық академиялық байланыстарды нығайту және ғылыми мектептердің сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялар ұсынылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Pһd және DPhil докторантура бағдарламаларының шетелдік тағылымдамалары мен оқу процесінің ерекшеліктері. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 151(2), 77-96. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-151-2-77-96

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 62

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.