Болашақ бастауыш сынып мұғалімін кәсіби даярлауда эмоцияны реттеу стратегияларын қолдану қажеттілігі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-146-160

Кілт сөздер:

болашақ бастауыш сынып мұғалімі, даярлау, эмоция, жағымды/жағымсыз эмоция, эмоцияны реттеу, эмоцияны реттеу стратегиялары

Аңдатпа

Бастауыш сынып оқушысының мектепке алғаш келгеннен сабақ беретін мұғалімге тәуелді болуы, білім алуы мен тәрбиесіне мұғалімнің эмоционалды тұрақтылығы әсер ететіні белгілі. Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда эмоцияны реттеу стратегияларын қолдану қажеттілігі талданады. Тақырыпқа қатысты теориялық талдау жасалып, эмоционы реттеу ұғымы және Дж.Гросс үлгісіне сәйкес эмоцияны реттеу стратегиялары нақтыланады. Мақаланың мақсаты, болашақ бастауыш сынып мұғалімдері-студенттерінің эмоциясын реттеу деңгейін Райвич К., Шатте Э. үлгісімен анықтау және эмоцияны реттеу стратегияларымен таныстырып, жағдаяттарды талқылау. Сонымен қатар, мақалада студенттердің жағымды/жағымсыз эмоциясын тудыратын тапсырмалар мен студент-оқытушы қатынасы да талданады. Зерттеуге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Педагогика және дәстүрлі өнер институтының бакалавриат деңгейіндегі "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасының 12 ерікті болашақ бастауыш сынып мұғалім-студенттері қатысты. Жұмыстың зерттеу сұрағының жауабына қол жеткізу үшін фокустық топ талқылауы әдісі алынды. Зерттеу деректері кодталып, тақырыптық талдау жасалып, нәтижелер шығарылды. Нәтижесінде болашақ мұғалім-студенттердің эмоцияны реттеуде біршама  қиыншылықтар бар екендігі айқындалып, талқыланды. Жұмыс соңында зерттеу барысындағы шектеулер мен болашақ зерттеулерге ұсыныс берілді. 

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Болашақ бастауыш сынып мұғалімін кәсіби даярлауда эмоцияны реттеу стратегияларын қолдану қажеттілігі. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 153(4), 146-160. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-146-160

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 61

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары