Химияны оқытудағы пәнаралық байланыстар: білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мүмкіндіктері
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-156-3-216-236Кілт сөздер:
іргелі химия, зат табиғаты мен қасиеттері, эксперимент, пәнаралық байланысАңдатпа
Химия - бұл жаратылыстану саласы және теориялық-эксперименттік ғылым болып табылады, ол биология, география, математика, физика, медицина, геология, космохимия, химиялық инженерия және де ауыл шаруашылығымен белсенді интеграцияланады. Химияның жаратылыстану ғылымдар арасындағы маңыздылығы оның заттардың және олардың реакцияларының қасиеттерін түсіндіру және болжау қабілетіне байланысты, бұл жаңа материалдар, дәрі-дәрмектер және технологияларды дамыту үшін қажет. Сонымен қатар, ол молекулярлық деңгейде биологиялық процестерді түсінуге ықпал етеді және экологиялық, геологиялық зерттеулерде маңызды рөл атқарады. Химияның теориялық және эксперименттік негіздері аналитикалық құралдардың әдістерінде, компьютерлік модельдеуде және әртүрлі салалар арасындағы өзара әрекеттестіктің арқасында прогреске байланысты үнемі дамып отырады, бұл біздің химиялық процестерді түсінуді тереңдетуге және химияның жаратылыстану ғылымдардағы қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Химияның фундаменталды теориялық негіздері, эксперименттік зерттеулері практикалық қолдануда және байланысты ғылымдар процестерінің негізі болып саналады.
Мақалада отандық ғалымдардың зерттеулерін жинақтап және жаратылыстану - ғылыми білім мен өндірістік міндеттерді қалыптастыруда ұсынылған әртүрлі әдістер мен технологияларға пәнаралық байланыс негізінде шолу жасалды. Химиялық процестерінің теориялық негіздері мен білімнің концептуалды жүйесінің біртұтастығы негізгі қорытынды болып табылады.





