Жасөспірім қыздардың гендерлік мәдениетін қалыптастыруда әкенің рөлі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-154-1-134-150Кілт сөздер:
гендерлік мәдениеті, әке, жасөспірім, гендерлік рөл, гендерлік норма, отбасы, қарым-қатынасАңдатпа
Қазіргі қыз балалардың ер балаларға тиесілі мамандықтарды игеруі, қоғамдағы әлеуметтік ортаның әсері, әлеуметтік ортадағы қиыншылықтар қыз балаларды әйелдік нәзіктіктен еркектік қаталдыққа алып келіп жатқандай. Осы ретте, қыз балалардың ер балалар сияқты әрекет жасауы, ойлауы, киім киюі, қарым-қатынас жасауы отбасындағы қыздың және әйелдің рөлдерін дұрыс ұйымдастырмауынан көрініс тауып отыр. Қыз баланың эгосының артуы, ер кісіден өзін жоғары санауы, табиғатына және ұлттық болмысына тән емес құбылыстардың көрініс беруі осы мәселені зерттеуге негіз болды. Бұл мақаланы жазудағы негізгі мақсат - қыз балалардың жынысына, табиғатына, ұлттық болмысына тән қасиеттерді қалыптастыруда әкенің рөлін сипаттау болды. Осыған сай, зерттеу барысында жасөспірім қыздардың гендерлік мәдениетін қалыптастыруда әкенің рөлін анықтауға және оны арттыру жолдарын қарастыруға тырыстық. Мақалада жасөспірім қыздардың гендерлік сәйкестігін, мәдениетін, гендерлік рөлін қалыптастырудағы әке бейнесінің рөлі сипатталады. Батыс және отандық ғалымдардың зерттеулеріне сай тұжырымдалған көзқарастарына салыстырмалы талдау жүргізілді.
Зерттеуге 13-16 жас аралығындағы жасөспірім қыздар қатысты. Жасөспірім қыздардың гендерлік мәдениетке байланысты көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Бұл әдіс сандық деректерді алуға мүмкіндік берді. Сауалнаманың мазмұны әке мен жасөспірім қыздардың арасындағы қарым-қатынасты, әртүрлі аспектідегі (ұлттық, мансаптық, заманауи, гендерлік) мәселелерді қамтыды. Сауалнама нәтижелері диаграмма арқылы көрсетілді. Мақала соңында зерттеу нәтижелері негізінде ата-аналарға, әкелерге жасөспірім қыздардың болмысына сай гендерлік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар берілді.






