Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика бойынша алғашқы ұғымдарды оқыту әдістемесі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-156-3-289-308Кілт сөздер:
оқыту әдістемесі, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика, ықтималдық моделі, көмекші «Маркет» моделі, ықтималдықтың практикалық мағынасыАңдатпа
Мақалада ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың алғашқы ұғымдарын оқыту мәселесі қарастырылған. Атап айтқанда, тәжірибе, тәжірибені жүзеге асыру, тәжірибе нәтижесі – элементар оқиға, оқиға, ықтималдық кеңістігі сияқты ұғымдар талқыланады. Мақалада тәжірибенің ықтималдық кеңістігін беру әдістемесі ретінде Н.Темірғалиевтің авторлық Көмекші «Маркет» моделі берілген. Стандартты «Тиын лақтыру» және ұлттық тәрбиемен байланыстырылған «Асық лақтыру» тәжірибелері мысалында көмекші және ықтималдық кеңістіктері құрастырылған. Сонымен қатар, мақалада элементар оқиғалар кеңістігі ақырлы жиын болған жағдайда ықтималдық кеңістігін құрудың жалпы схемасын беру әдістемесі мен ықтималдықтың практикалық маңызын көрсету әдістемесі талқыланған. Сонымен қатар, мақалада кездейсоқ сандар тізбегі құрастырылып, оның негізінде симметриялы және біртекті ойын сүйегін лақтыру тәжірибесінің моделі құрылып, кездейсоқ таңдама мен эксперименттер сериясы үшін ойын сүйегінің бекітілген жағының түсу жиілігі сипатталған. Екі жағдайда да тәжірибелер саны артқан сайын жиіліктер оқиға ықтималдылығының маңайына шоғырланатындығы жайлы Үлкен сандар заңын растау негізінде білім алушы үшін алғашқы ғылыми қадамдарын жасату жолы беріледі.





