Жоғары білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында бірінші курс студенттерінің бейімделуі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-266-283

Кілт сөздер:

бейімделу, цифрландыру, жоғары білім, білім беру ортасы, студенттердің бейімделуі

Аңдатпа

Мақала жоғары білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында бірінші курс студенттерінің бейімделу ерекшеліктерін зерттеуге арналған.

Жұмыстың мақсаты - заманауи жоо-дағы бірінші курс студенттерінің сәтті бейімделуіне әсер ететін негізгі академиялық, әлеуметтік-психологиялық және цифрлық факторларды анықтау.

 Зерттеудің объектісі бірінші курс студенттерінің бейімделу процесі, ал пәні - цифрландыру дәуірінде жоо-ның білім беру ортасына сәтті қосылуын  анықтайтын жағдайлар мен факторлардың жиынтығы. Зерттеудің әдіснамалық негізін жүйелік және іс-әрекет ұстанымдары, сонымен қатар құштарлық және цифрлық тұрақтылық теориялары құрады.

Эмпирикалық әдістер ретінде сауалнама, Т.А. Немчиннің мазасыздану тесті және «Өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй» (САН) сауалнамасы қолданылды. Эмпирикалық база Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 72 студенті арасында жиналған деректер негізінде қалыптасты. Зерттеу нәтижелері студенттердің көпшілігі  жоо-ның ортасына бірнеше апта немесе ай ішінде бейімделетінін көрсетті, алайда шамамен үштен бір бөлігі кредиттік оқыту технологиясын түсінбеу, жоғары дербестік және цифрлық жүктемеге байланысты айтарлықтай қиындықтарға тап болады. Мазасызданудың жоғары деңгейі (студенттердің ¾ бөлігінде) және көңіл-күй мен белсенділік арасындағы эмоциялық баланс байқалды. Психологиялық қолдауды, академиялық және цифрлық құзыреттіліктерді дамытуды, сонымен қатар студенттердің өзін-өзі реттеуі мен қатысуының тұрақты стратегияларын қалыптастыруды қамтитын кешенді бейімдеу бағдарламаларының қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жоғары білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында бірінші курс студенттерінің бейімделуі. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 153(4), 266-283. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-266-283

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 79

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.