Терминологиялық құзыреттіліктің арнайы педагогтердің кәсіби қалыптасуындағы рөлі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-155-2-44-58Кілт сөздер:
термин, терминологиялық құзыреттілік, кәсіби білім беру, арнайы педагогика, пәндік-танымдық компонент, интеллектуалды-рефлексивті компонент, коммуникативті-тілдік компонентАңдатпа
Қазіргі таңда заманауи білім беру жүйесі өзгермелі жағдайларды бастан кешіруде. Сәйкесінше, бүгінде кадрларды даярлауға қойылатын талаптар да жоғары.
Бұл мақалада Арнайы педагогика даярлық бағыты білім алушыларында терминологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың маңызына теориялық шолу жасалды. Шетелдік әдебиет көздерінде терминологиялық құзыреттілікті кәсіби, ақпараттық немесе когнитивті құзыреттілік аясында зерттеген ғылыми жұмыстар жеткілікті. Дегенмен, отандық ғылымда бұл тақырыптың әлі де жеткіліксіз зерттелуі тақырыптың өзектілігін арттыруға негіз болды.
Ерекше білімді қажет ететін балалардың санының артуы мен оларды түзетуге арналған заманауи әдістерге деген қажеттілік, сонымен қатар, ғылыми-әдістемелік аспектіні жетілдіруге байланысты туындаған сұраныстар терминологиялық құзыреттілікті зерттеу мен теориялық және тәжірибелік маңызы бар ұсынымдарды әзірлеуге ықпал етуде. Арнайы педагогикадағы терминдерді зерттеу аясындағы терминологиялық негіздеме педагогиканың өзге салаларына қарағанда күрделі әрі пәнаралық сипатқа ие болып келеді. Яғни, мұнда терминнің «түсінік-ұғым» моделінен, дефинициясынан бөлек қолдану, саралау мен сыни талдау тәрізді жетекші дағдылардың болуы маңызды. Сондықтан, мақала барысында тақырып аясындағы отандық және шетелдік зерттеулерге шолу жасалып, терминологиялық құзыреттіліктің білім алушылар үшін маңызын анықтауға әрекет жасалды.





