Болашақ педагог-психологтарды даярлаудағы білім беру кластері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-151-2-27-46

Кілт сөздер:

болашақ педагог-психолог, кластер, білім беру кластері, кластерік тұғыр, жоғары оқу орындары, жұмыс берушілер, кластер субъектілері, кластердің жүйе құраушылары

Аңдатпа

Бұл мақалада кластерлік тұғыр негізінде болашақ педагог-психологтарды даярлау мәселесі теориялық тұрғыдан кеңінен талқыланады. Білім беру кластері - жоғары оқу орындарының жетекшілігімен жалпы білім беретін мектептер, арнайы орта кәсіби білім беру ұйымдары, жоғары оқу орындары, білім беруді басқару ұйымдары және болашақ мамандар даярлаудан мүдделі басқа да жұмыс берушілердің интеграциясы, нәтижеге бағдарланған серіктестік әрекеттері. Мақалада білім беру кластері болашақ педагог-психологтарды дайындаудың өзекті аспекті ретінде қарастырылады, өйткені кластер құрамында маман даярлаудың сапасынан мүдделі тараптардың ресурстарын біріктіріп, білім беру сапасына қарай бағдарлауға мүмкіндіктер ашылады.

Зерттеу барысында білім беру кластерінің мәні мен маңызы, құрамдас бөліктері және стратегиялық бағыттары анықталып, бұл болашақ педагог-психологтарды кластер шеңберінде даярлаудың тиімділігін берді. Білім беру кластерін құрастыру мәселелері болашақ педагог-психологтарды даярлау мақсаттары тұрғысынан қарастырылды. Болашақ педагог-психологтарды кластерлік тұғыр негізінде даярлаудың перспективалық бағыттары, жаңа мүмкіндіктері туралы тұжырымдар жасалынды. Индукция және дедукция, салыстырмалы талдау әдістерін пайдаланып болашақ педагог-психологтарды білім беру кластері шеңберінде даярлаудың артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Мақалада білім беру кластерін құру бойынша ұсыныстар, тиімді әдістер мен тәсілдер жоғары оқу орындарында кәсіби болашақ педагог-психологтарды даярлаудың міндеттерін жүзеге асыру маңызды.

Мақала бүгінгі таңда және таяу перспективада болашақ педагог-психологтарды даярлауда білім беру кластерлерін пайдаланудың қажеттілігін көрсетіп, мамандар даярлау сапасынан мүдделі барлық тараптардың әлеуетін біріктірудің олардың баршасы үшін бірдей пайдалы екендігін түсінуіне көмектеседі.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Болашақ педагог-психологтарды даярлаудағы білім беру кластері. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 151(2), 27-46. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-151-2-27-46

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 62

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.