Инклюзивті білім беруді орта мектепке интеграциялау жағдайындағы мектепті басқарудың ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-35-51

Кілт сөздер:

инклюзивті білім беру, ЕББҚ балалар, мектепті басқару, ерекше білім беру қажеттілігі, инклюзивті оқу ортасы

Аңдатпа

Мақалада инклюзивті білім беруді жалпы орта мектепке тиімді интеграциялау жағдайында мектепті басқарудың ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу инклюзивті білім берудің заманауи парадигмаларын, интеграциялау мен инклюзивті білім беру ұғымдарының айырмашылықтарын, мектеп әкімшілігінің инклюзивті ортаны қалыптастырудағы рөлін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан сипаттайды. Авторлар инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесіне теориялық талдау жасай отырып,  еліміздің  жағдайына бейімделген басқару стратегияларын ұсынады. Ұсынылған басқару жолдары авторлардың жүргізген әлеуметтік зерттеулерінің нәтижелерімен негізделеді. Зерттеу Алматы қаласындағы орта мектеп оқушылары мен ата-аналарын және пән мұғалімдерін қамтыған әлеуметтік сауалнамалар негізінде жүзеге асырылды. Сауалнама нәтижелері ерекше білім беруді қажет ететін балалардың мектепте әлеуметтік бейімделу деңгейінің артып отырғанымен қатар, ата-аналардың инклюзивті білім беруге оң көзқарасы мен оқушылардың инклюзивті қарым-қатынасқа бейімділігін анықтады. Мақалада ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту барысындағы қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығын дәлелдеп көрсетеді, көп деңгейлі оқыту әдістері секілді құралдардың тиімділігі сараланады. Инклюзивті білім беруді орта мектепке интеграциялау жағдайындағы мектепті басқарудың теориялық және практикалық тұрғыда қарастыруда зерттеу нәтижелері құнды болып табылады. Осылайша, авторлар инклюзивті білім беру үдерісін сәтті жүзеге асыру үшін басқарушылық, педагогикалық және әлеуметтік тұрғыдағы кешенді тәсілді ұсына отырып, осы бағыттағы нақты тәжірибелік ұсыныстар береді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Инклюзивті білім беруді орта мектепке интеграциялау жағдайындағы мектепті басқарудың ерекшеліктері. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 153(4), 35-51. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-35-51

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 79

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары