Химиядан саралау тапсырмаларын әзірлеуде жасанды интеллектті пайдалану ерекшеліктері

Авторлар

  • Н.А. Абдикаюмова Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Автор https://orcid.org/0009-0007-4604-418X
  • Г.М. Мадыбекова Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-1970-8143

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-52-65

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, саралау тапсырмалары, инклюзивті білім беру, машиналық оқыту, деректерді талдау, білім беру технологиялары, жеке қажеттіліктер

Аңдатпа

Білім беру жүйесіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу қазіргі заманғы оқыту тәжірибесін жетілдірудің тиімді тәсілі болып саналады. Химия сабақтарында сараланған тапсырмаларды әзірлеуде ЖИ қолдану оқушылардың жеке оқу қажеттіліктерін ескеріп, оқу процесін жекелендіруге мүмкіндік береді.

Бұл зерттеудің мақсаты – қазақстандық және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, химия пәніндегі саралау тапсырмаларын құрастыруда ЖИ құралдарының тиімділігін бағалау. Зерттеуде әдебиеттерді шолу, салыстырмалы талдау және нейрондық желілерді қолданудың практикалық мүмкіндіктерін зерттеу әдістері қолданылды. Chad AI, Fusionbrain және Craiyon сияқты ЖИ құралдарының химиялық реакцияларды модельдеудегі, деректерді визуалдаудағы және бейімделген оқыту тәсілдерін қолдаудағы әлеуеті қарастырылды.

Зерттеу нәтижелері ЖИ құралдарын пайдалану оқушылардың химияға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, саралау тапсырмаларының тиімділігін шамамен 20%-ға арттырғанын көрсетті. Жапония мен АҚШ-тың озық тәжірибелері қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеуге құнды үлгі ретінде анықталды. Сонымен қатар, ЖИ оқушылардың жеке қабілеттеріне сәйкес жекелендірілген оқу траекторияларын құруға мүмкіндік берді.

Жалпы алғанда, зерттеу ЖИ-дің химияны оқытудағы инновациялық рөлін айқындап, ЖИ қолдауымен жүргізілетін әдістер саралау тапсырмаларын әзірлеуді жеңілдетіп қана қоймай, оқушылардың аналитикалық және сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ететінін көрсетті. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның білім беру жүйесінде ЖИ-ді тиімді енгізуге арналған практикалық ұсынымдарды ұсынады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Химиядан саралау тапсырмаларын әзірлеуде жасанды интеллектті пайдалану ерекшеліктері. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 153(4), 52-65. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-52-65

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 81

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.