Цифрлық технологияларды қолданып болашақ математика мұғалімдерін геометриялық фигураларды кескіндеуге оқыту әдістері
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-150-1-248-266Кілт сөздер:
цифрлық технологиялар, геометрияны оқыту, геометриялық фигураларды кескіндеу, болашақ математика мұғаліміАңдатпа
Мақалада геометриялық фигураларды кескіндеу барысында туындайтын әдістемелік мәселелер қарастырылып, Қазақстанда білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында осы мәселені шешудің тиімді әдістері зерттелген. Зерттеу барысында геометриялық фигураларды кескіндеу және оған болашақ математика мұғалімдерін даярлау бойынша психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер зерделеніп, талданған, сонымен қатар цифрлық технология саласындағы зерттеулерге арналған отандық және шетелдік авторлардың еңбектеріне шолу жасалған. Мақалада геометриялық фигураларды кескіндеу мәселелерін анықтау бойынша жүргізілген айқындау тәжірибесінің нәтижелері берілген, оған сараптау жасалып, туындайтын мәселелердің себептері нақтыланған. Анықталған мәселелерді заманауи цифрлық технологиялар ұсынатын мүмкіндіктер тұрғысынан шешу бойынша түзетуші тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, дайындалған әдістер оқу үдерісіне енгізілген. Болашақ математика мұғалімдеріне «Геометриялық фигураларды кескіндеу» әдістерін оқыту бойынша анықталған әдістемелік мәселелер, оны жою бойынша жасалған жұмыстар және Geogebra, Live Geometry сияқты динамикалық геометриялық орталарда көрнекі түрде оқытудың 3D сызу үлгілері бойынша мәліметтер келтірілген.
Мектеп геометрия курсының стереометрия бөліміндегі геометриялық фигураларды проекциялау, кескіндеу, қима салу есептерін шығару және т.б. оқытуда цифрлық технологияларды қолдану және оған болашақ математика мұғалімдерін даярлаудың тиімділігін анықтау мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Математика» кафедрасының базасында жүргізілген тәжірибелік зерттеу жұмыстары мен оның нәтижелері баяндалған.
Жүргізген педагогикалық тәжірибе кезінде студенттерді геометриялық фигураларды кескіндеуге оқытуда цифрлық технологияларды пайдаланудың авторлармен дайындалған әдістерін қолдана отырып, оның болашақ мұғалімдердің білім сапасына тигізетін оң әсері математикалық-статистикалық әдістер арқылы дәлелденген. Болашақ математика мұғалімдерін геометриялық фигураларды кескіндеуге оқытуға арналған нақты әдістемелік ұсыныстар жасалған.