Арт технологиялар негізінде болашақ бастауыш білім педагогтерін кәсіби даярлау әдістемесі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-154-1-273-289Кілт сөздер:
бастауыш білім педагогі, кәсіби даярлау, арт технология, бейнелеу, музыка, өнер, шығармашылық, студенттік клубАңдатпа
Бұл мақалада арт технологиялар негізінде болашақ бастауыш білім педагогтерін кәсіби даярлау мәселесі қарастырылған. Ол үшін «кәсіби даярлық», «арт технология» ұғымдарына берілген түсініктер қарастырылып, арт технология ұғымына контенттік талдау жасалған. Ғылыми-педагогикалық, психологиялық еңбектерге жасалған талдаулар нәтижесінде арт технология негізінде болашақ бастауыш білім педагогтерін кәсіби даярлаудың негізгі бағыттары анықталған. Бұл бағыттарға сай арт технология негізінде болашақ бастауыш білім педагогтерінің кәсіби даярлығының компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері, конкурс,семинар анықталған. Болашақ бастауыш білім педагогтерін кәсіби даярлаудағы арт технологияның тиімділігі теориялық материалдар негізінде анықталып, соған сай педагогикалық эксперимент жоспары құрылған, ол анықтаушы және қалыптастырушы кезеңдерді қамтыған. Экспериментке бітіруші топ білім алушылары қамтылған. Анықтаушы кезеңде диагностикалық сауалнама, практикалық жағдаят және практикалық тапсырма әзірленген. Анықтаушы кезеңде алынған сандық мәліметтер жинақталып, экспериментке қатысушылардың деңгейлері шамалас және ол жақсартуды қажет ететіні жөнінде шешім шығарылған. Нәтижені жақсарту мақсатында қалыптастырушы эксперименттік кезеңде «ART» студенттік клуб бағдарламасы жасалып, тәжірибеде қолданылды. Ол түрлі жұмыс формаларын қамтыды: конкурс, семинар; рөлдік, сөздік, шығармашылық энергияның шығуына көмектесетін жаттығулар; білім мазмұнына байланысты жаттығулар; сөйлеу қабілетін дамытуға арналған сайыстар; шоу-технологияларды қолдану; YouTube каналын ашу. Осылайша, болашақ бастауыш білім педагогтерін кәсіби даярлаудағы арт технологияның тиімді екендігі туралы қорытынды жасалды.






