Жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік ойлауының даму деңгейін критерийлер негізінде бағалау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-156-3-30-43

Кілт сөздер:

кәсіпкерлік ойлау, жоғары сынып оқушылары, мотивациялық компонент, тұлғалық компонент, рефлексивтік-құндылықтық компонент

Аңдатпа

Зерттеу жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік ойлауын психологиялық конструкт ретінде қарастыру мәселесіне арналған. Дербес шешім қабылдауға, бастамашылдық танытуға және өз әрекетінің нәтижелеріне жауапкершілікпен қарауға психологиялық даярлықты қалыптастыру қазіргі білім берудің басым бағыттарының бірі болып табылады. Алайда жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік ойлауының қалыптасу деңгейі эмпирикалық психологиялық-педагогикалық зерттеулер аясында жеткілікті деңгейде зерделенбеген. Бұл білім беру үдерісінде кәсіпкерлік ойлаудың қалыптасу деңгейін объективті бағалауға мүмкіндік беретін диагностикалық критерийлер мен деңгейлік көрсеткіштерді әзірлеу қажеттілігін айқындайды.

Зерттеу әдіснамасы мен әдістері. Зерттеуде психологиялық-педагогикалық эксперимент, кәсіпкерлік ойлаудың көрсеткіштерін бағалауға арналған диагностикалық әдістемелер, сандық және сапалық талдау әдістері, сондай-ақ эмпирикалық деректерді өңдеудің статистикалық әдістерін қамтитын зерттеу әдістерінің кешені қолданылды.

Нәтижелер. Зерттеу барысында жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік ойлауының негізгі көрсеткіштері мен қалыптасу деңгейлері айқындалып, оның құрылымдық компоненттерінің даму дәрежесіндегі айырмашылықтар анықталды. Сонымен қатар оқушылардың кәсіпкерлік ойлауының бастапқы қалыптасу деңгейінің өзіндік ерекшеліктері сипатталды.

Ғылыми жаңалық. Зерттеуде алғаш рет жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік ойлауының құрылымы мен қалыптасу деңгейлерін критерийлік-деңгейлік бағалауға негізделген эмпирикалық деректер алынды. Зерттеу кәсіпкерлік ойлаудың мотивациялық, рефлексивтік-құндылықтық және тұлғалық компоненттерін қамтиды.

Практикалық маңыздылығы. Зерттеу нәтижелері жалпы орта білім беру жүйесінде кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыруға және кәсіпкерлік құзыреттерді дамытуға бағытталған білім беру бағдарламалары мен диагностикалық құралдарды әзірлеу барысында пайдаланылуы мүмкін.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік ойлауының даму деңгейін критерийлер негізінде бағалау. (2026). Gumilyov Journal of Pedagogy, 156(3), 30-43. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-156-3-30-43

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 120

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары