Кәсіби білім берудегі виртуалды шындық: мүмкіндіктер мен тәуекелдер
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-155-2-262-274Кілт сөздер:
цифрлық білім беру, виртуалды шындық, кәсіби білім берудегі VRАңдатпа
Виртуалды шындық – адамға көру, есту, сипап сезу сезімдері арқылы берілетін техникалық құралдарға негізделген бағдарлама. Зерттеу мақаласында мамандарды кәсіби даярлаудағы виртуалды шындық бағдарламалары мен техникаларын қолданудың мүмкіндіктері және тәуекелдері, артықшылықтары және кемшіліктері қарастырылады. Сондай-ақ виртуалды шындық құрылғысына заманауи білім беру саласына енгізілген ең перспективалы құрал ретінде сипаттама жасалады. Виртуалды шындықтың білім беру саласымен қатар, өзге де салалардағы зерттеу деңгейін анықтау мақсатында оны әр қырынан зерттеген, әлі де зерттеп жүрген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне, білім беру саласында апробацияланған тәжірибелік жұмыстарға талдау жүргізілді. Мақаланың тәжірибелік бөлімінде виртуалды шындықтың мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында педагогтерге Google Expeditions VR қосымшасы таныстырылып, студенттерге (эксперименттік топ) Tilt Brush виртуалды шындық қосымшасы арқылы психодиагностикалық әдістеме жүргізіледі. Эксперимент соңында бақылау топ студенттері мен эксперименттік топ студенттерінің нәтижелері салыстырылып, эксперименттік топтағы студенттердің нәтижелері басым екендігі анықталады. Сондай-ақ студенттерге кәсіби білім беруде виртуалды шындықтың маңыздылығын анықтау мақсатында әр түрлі жоғары оқу орындарының педагогтерінен сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесінде педагогтердің басым бөлігі виртуалды шындықты меңгеріп алса, онымен білім беруге дайын екендігін жеткізді. Жалпы зерттеу жұмысының қорытындысында кәсіби білім беруде виртуалды шындықты қолдану тиімді екендігі негізделіп, тек виртуалды шындық құрылғысына сәйкес келетін сапалы кәсіби білім беру контентін жасау қажеттілігінің туындайтыны туралы айтылады.





