Болашақ әлеуметтік педагогтардың эстетикалық мәдениетін бейнелеу өнері арқылы қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-151-2-177-194Кілт сөздер:
әлеуметтік педагогтарды даярлау, эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, әдіснамалық тұғырАңдатпа
Болашақ кәсіби қызметінде адамдардың әр түрлі категорияларымен жұмыс жасайтын әлеуметтік педагог үшін, эстетикалық мәдениетті қалыптастыру кәсіби жұмысын оңтайлы ұйымдастыруға көмектесіп қана қоймай, әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешуде көркемдік әдістерді қолдануына да мүмкіндік береді. Әлеуметтік педагогикалық қызметте эстетикалық мәдениет тұлғаның дамуына, құндылықтарының қалыптасуына, қоршаған әлемді эмоционалды қабылдауына және басқа адамдармен үйлесімді қарым-қатынас орнатуына ықпал етуімен маңызды. Болашақ әлеуметтік педагогтардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру үдерісін жүйелендіру үшін оның әдіснамасын негіздеу қажет. Осыған сәйкес, мақаланың мақсаты – болашақ әлеуметтік педагогтардың эстетикалық мәдениетін бейнелеу өнері арқылы қалыптастырудың әдіснамалық тұғырларын негіздеу. Мақалада әдіснамалық тұғырларды негіздеуден бұрын, эстетикалық мәдениет және оның әлеуметтік педагогикалық қызметтегі маңыздылығы отандық және шетелдік ғылыми педагогикалық еңбектердің аясында талданып, әлеуметтік педагогикалық қызметтегі эстетикалық мәдениеттің маңыздылығының моделі ұсынылады. «Әдіснамалық тұғыр» ұғымы әдіснамашы ғалымдардың зерттеулері негізінде «қойылған зерттеу міндеттемелерін шешудің негізгі жолы, сондай-ақ шешімдердің бағыты мен стратегиясы» ретінде анықталды. Мақаланың негізгі бөлімінде, болашақ әлеуметтік педагогтардың эстетикалық мәдениетін бейнелеу өнері арқылы қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары ретінде, зерттеудің негізгі мәселесін шешу мақсатында таңдалған, бір-бірімен өзара байланысты болып келетін мәдени-антропологиялық, аксиологиялық, жүйелік, іс-әрекеттік-семантикалық, құзыреттілік, кешенділік тұғырлар айқындалды. Бұл әдіснамалық тұғырлар табысты әлеуметтік педагогикалық тәжірибе үшін қажетті студенттерді оқытуға және олардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға кешенді көзқарасты қамтамасыз етуге ықпал етеді.






