Кәсіби бағдарлауда геймификация арқылы IT-құзырлылықтарды жасырын бағалау жүйесінің моделі мен жүзеге асырылуы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-152-3-107-125

Кілт сөздер:

Кәсіби бағдарлау, геймификация, жасырын бағалау, IT құзырлықтар, білім беру, модель

Аңдатпа

Мақала білім беруді цифрландыру жағдайында оқушылардың IT-құзырлылықтарын қалыптастырудың өзекті мәселесіне арналған. Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында мектеп оқушыларының ақпараттық технологияларға бейімділігін анықтауға негізделген ерте кәсіби бағдары ерекше маңызға ие болады. Алайда, кәсіптік бағдарлаудың дәстүрлі тәсілдері, көбінесе, студенттердің нақты практикалық дағдылары мен цифрлық құзыреттіліктерін объективті диагностикалауға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты перспективалы шешімдердің бірі – білім беру процесіне геймификацияны енгізу болып табылады. Білім беру орталарында ойын элементтері мен жасырын бағалау технологиясын қолдану оқушылардың мотивациясын арттыруға, оқу іс-әрекетіне белсенді қосылуға және олардың қабілеттерін объективті анықтауға ықпал етеді.

Мақалада білім беру жүйесіне геймификациялық әдістерді енгізуді регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттары талданады, сондай-ақ осы тәсілді практикалық іске асыру мысалдары келтіріледі. Оқушылардың ІТ-дағдыларын жасырын диагностикалауға арналған «GCG» (Game for Career Guidance) геймификацияланған платформасының ақпараттық моделі мен компьютерлік іске асырылуы ұсынылды. Зерттеудің мақсаты – IT-құзырлылықтарды кәсіби бағдарлау мақсатында жасырын бағалауға арналған ойын платформасының ақпараттық жүйесінің моделін ұсыну және оны жүзеге асыруды көрсету. Жұмыс шеңберінде модельді ғылыми негіздеу, IT-құзырлылықтарын жасырын диагностикалау критерийлері мен механизмдерін анықтау міндеттері шешілді, сондай-ақ модельді бағдарламалық өнім түрінде іске асыру нәтижесі ұсынылды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кәсіби бағдарлауда геймификация арқылы IT-құзырлылықтарды жасырын бағалау жүйесінің моделі мен жүзеге асырылуы. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 152(3), 107-125. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-152-3-107-125

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 79

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.