Жасанды интеллектті қолдана отырып, жоғары математиканы оқытудыңлогикалық-мазмұнды моделі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-151-2-212-226Кілт сөздер:
жасанды интеллект , жоғары математика, бейімделген оқыту, топологиялық реттеу, білім беру технологияларыАңдатпа
Білім беруді, әсіресе жасанды интеллект (ЖИ) мамандарын дайындау саласындағы, сандық трансформация жағдайында жоғары математиканы тиімді және бейімделгіш әдістермен оқыту қажеттілігі артып келеді. Дәстүрлі тәсілдер көбіне абстрактілі математикалық ұғымдарды қажетті деңгейде меңгеруге кепілдік бермейді, бұл білімнің жетіспеушілігіне және мотивацияның төмендеуіне әкеп соғады. Мақалада жасанды интеллект технологияларын біріктіретін жоғары математиканы оқытудың логикалық-мазмұнды моделі ұсынылған. Модель ақпараттық-математикалық әдістерді, соның ішінде оқу материалын топологиялық сұрыптауды пайдалана отырып, формальды және бейресми оқытуды талдауға негізделген. Математиканың негізгі бөлімдері (сызықтық алгебра, математикалық талдау, ықтималдықтар теориясы, дискретті математика) мен ЖИ технологиялары арасындағы іргелі байланыстардың құрылымдық талдауы онтологиялық карталар және интерактивті білім графтары түрінде ұсынылған. ЖИ-траектория жоспарлаушысы, дербестендірілген тапсырмалар генераторы, визуализация жүйесі және білімді интеллектуалды бағалау жүйесін қамтитын сызықтық алгебраны зерттеудің бейімделгіш моделі сипатталған. Модель екібағытты бейімделуді (тереңдік пен кеңдік бойынша) және қиындықтарды болжамды талдауын қамтамасыз етеді. Құрылымдық талдау мен модельді әзірлеу нәтижелері оны оқытудың тиімділігін және жекелендіруін арттыруға, сондай-ақ математикалық теория мен оның ЖИ-дегі қолданылуы арасындағы алшақтықты жоюға жоғары әлеуетке ие деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Модельді білім беру үдерісіне енгізу бойынша практикалық ұсыныстар берілген.Downloads
Download data is not yet available.
Жүктеулер
Жарияланды
2025-06-30
Журналдың саны
Бөлім
Статьи
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Жасанды интеллектті қолдана отырып, жоғары математиканы оқытудыңлогикалық-мазмұнды моделі. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 151(2), 212-226. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-151-2-212-226






