Сын тұрғысынан ойлау және студенттердің магиялық реализмді оқытуда сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыру
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-176-192Кілт сөздер:
сыни ойлау, аналитикалық дағдылар, білім берудегі инновациялар, интеллектуалды даму, әлеуметтік дағдыларАңдатпа
Бұл мақала сыни ойлаудың мәнін, студенттердің сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыру маңыздылығын ашуға арналған. Әлеуметтік, экономикалық және ақпараттық өзгерістер үстемдік ететін қазіргі әлемде кәсіби білімі ғана емес, сонымен қатар ақпаратты сыни тұрғыдан талдауға, негізделген шешімдер қабылдауға және жаңа жағдайларға бейімделуге қабілетті мамандарға деген қажеттілік туындайды. Бұл қасиеттер ХХІ ғасырдағы әмбебап метакогнетивтік қабілет ретінде танылған сыни ойлауды қалыптастырады. Сыни тұрғыдан ойлау ҚРМЖМБС-да, сондай-ақ халықаралық стандарттарда (OECD,PISA) көрініс тапқан негізгі білім беру құзыреті ретінде қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі сыни тұрғыдан ойлайтын мамандарға әлеуметтік сұраныспен де, метакомпетенцияларды дамытуға бағытталған білім беру жүйесінің ішкі қажеттіліктерімен де анықталады.
Зерттеудің мақсаты – жоғары оқу орны студенттерінің негізгі дағдысы ретінде сыни ойлауды зерттеу, оның оқыту мен кәсіби қызмет үшін маңыздылығын ашу, сондай-ақ оны қалыптастырудың тиімді әдістерін, әсіресе филологиялық білім беру контекстінде зерттеу. Мақалада сыни ойлауды қалыптастырудың әртүрлі тәсілдерін жүйелеу, сондай-ақ білім беру практикасында қолданылатын қолданыстағы модельдер мен әдістерді талдау жүзеге асырылған. Зерттеуде келесі әдіснамалық тәсілдер мен әдістер қолданылды: психологиялық-педагогикалық және ғылыми әдебиеттерді, нормативтік құжаттарды, сыни ойлау мәселесі бойынша отандық және шетелдік зерттеулерді талдау (соның ішінде Facione, Halpern, Ennis, Исхаков); сыни ойлау модельдерін (Блум,Фашионе,Кемп) олардың күшті және әлсіз жақтарын бөліп көрсете отырып, салыстырмалы талдау жасау. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың студенттердің сыни ойлауының қалыптасуына әсерін зерттеу.
Мақалада студенттерде сыни ойлауды қалыптастыру әдістері мен стратегияларына ерекше назар аударылады,тсонымен қатар осы дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін заманауи тәсілдер мен технологиялар талданады. Сонымен қатар, мақалада зерттеудің маңызды нәтижесі сыни ойлауды қалыптастырудың практикалық құралы ретінде пікірталастарды, сократтық әдісті, жобалық және проблемалық іс-әрекетті қолдану проблемасы қарастырылады. Сонымен бірге, сыни ойлаудың мәні ашылады. Сондықтан зерттеу нәтижелері өздерінің аналитикалық және рефлексиялық қабілеттерін дамытуға ұмтылатын студенттерді де қызықтырады, бұл олардың болашақ кәсіби іс-әрекеті үшін өте маңызды. Осылайша біз қазіргі ақпараттық қоғамның талаптарына сай келетін, бәсекеге қабілетті, бейімделгіш әрі тәуелсіз мамандарды даярлауға ықпал ететін филология факультеті студенттерінің сыни ойлауын қалыптастыруға бағытталған кешенді тәсілдемені зерттедік.






