Оқу бағдарламасы мен тұрақты дамуды біріктіру: жаһандық құзыреттерді қалыптастырудың карталау әдісі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-150-1-76-94

Кілт сөздер:

жаһандық құзыреттілік, карталау әдісі, оқу бағдарламасы, функционалдық сауаттылық, мұғалімдерді даярлау, бағалау

Аңдатпа

Мақалада Bloomberg Philanthropies бастамасымен Global Cities, Inc. бағдарламасы аясында әзірленген 55 индикаторды қолдану арқылы 4-сыныпқа арналған «Дүниетану» пәнінің оқу бағдарламасының мазмұнын карталау қарастырылады. Аталған индикаторлар білім беру мазмұнын және функционалдық сауаттылықты, соның ішінде жаһандық құзыреттерді сапалық бағалау өлшемдері ретінде қызмет етеді. Зерттеудің мақсаты – жаһандық құзыреттерді дамыту арқылы тұрақты даму мақсаттарына сәйкес білім беруді бағалау жүйесіне интеграциялау үдерісін талдау. Зерттеу барысында жаһандық құзыреттердің оқушылардың жаһандық мәселелерді шешуге қажетті білімдері мен дағдыларын қалыптастырудағы әсері бағаланып, сондай-ақ білім беру тәжірибесі мен бағалау жүйесіндегі қолданыстағы тәсілдер талданды, оларды тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу тетіктерін жетілдіру үшін жақсарту жолдары ұсынылды. Зерттеу нәтижелері карталау және оқу бағдарламасын талдау арқылы анықталған 55 индикатордың 78%-ы (43 индикатор) жаһандық құзыреттердің индикаторларымен сәйкес келетінін көрсетті. Бұл жаһандық құзыреттерді жанама түрде интеграциялау тиімді құрал екенін және оны толыққанды жүзеге асыру үшін мұғалімдердің тиісті кәсіби даярлығы қажет екенін растайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 19

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.