Реджио педагогикасы негізінде ересек топ балаларының ойын әрекетін дамыту
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-150-1-173-192Кілт сөздер:
мектеп жасына дейінгі бала, ересек топ, әлеуметтік дағды, реджио педагогикасы, мектепке дейінгі ұйым, ойын әрекеті, педагог-тәрбиешіАңдатпа
Зерттеу жұмысы реджио педагогикасының негізінде мектепке дейінгі ұйымдардағы ересек топ балаларының ойын әрекеттерін дамыту мәселесіне арналған. Реджио педагогикасы – балалардың табиғи қызығушылығы мен шығармашылығын қолдай отырып, олардың тұлғалық дамуына бағытталған инновациялық білім беру жүйесі. Бұл педагогикалық әдіс балаларға өз ортасын зерттеп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, әлеуметтік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Ойын әрекеті – балалардың танымдық, эмоционалдық және әлеуметтік дамуының негізгі құралы ретінде қарастырылады.
Зерттеу барысында мектепке дейінгі ұйымдардың ересек топтарындағы балалар бақылау және эксперименттік топтарға бөлініп, оларға әртүрлі ойын түрлері ұсынылды. Эксперименттік топта Реджио педагогикасының әдістері қолданылып, ойындар балалардың белсенді қатысуы, шығармашылық және танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, эксперименттік топтағы балалардың ойынға қатысу деңгейі, шығармашылық қабілеттері және әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдылары бақылау тобына қарағанда жоғары болды. Бұл, әсіресе, топтық жұмыс, ойынға бастамашылдық таныту және шығармашылық міндеттерді шешу кезінде байқалды.
Зерттеу нәтижелері Реджио педагогикасының Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру жүйесіне енгізудің тиімділігін көрсетеді. Бұл әдіс балалардың жеке тұлғалық дамуына, танымдық және әлеуметтік дағдыларын жетілдіруге ықпал ететінін дәлелдейді. Зерттеу мектепке дейінгі білім беру үдерісінде ойын әрекетінің маңыздылығын және реджио педагогикасының педагогикалық құндылықтарын кеңінен пайдалануды ұсынады.