Болашақ педагогтердің толеранттылық мәдениетін дамытудың аксиологиялық негіздері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-221-240

Кілт сөздер:

болашақ педагог, толеранттылық мәдениеті, аксиологиялық тәсіл, құндылық, педагогикалық шарттар, тұлғалық даму

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қоғамдағы жаһандану мен мәдени әртүрлілік жағдайында болашақ педагогтардың толеранттылық мәдениетін дамыту мәселесі қарастырылады. Бұл мәдениет – мұғалімнің кәсіби және тұлғалық дамуының маңызды құрамдас бөлігі ретінде сипатталады. Авторлар толеранттылықтың білім беру жүйесінде ерекше рөл атқаратынын, оның педагогикалық үдерістегі қарым-қатынас мәдениетін арттыруға ықпал ететінін атап өтеді. Зерттеу барысында толеранттылық ұғымы аксиологиялық тұрғыдан талданып, оның болашақ педагогтың құндылықтық бағдарлар жүйесінде алатын орны анықталады. Сонымен қатар, толеранттылық мәдениеті кәсіби құзыреттіліктің негізгі аспектілерінің бірі ретінде қарастырылады. Авторлар толеранттылықтың тек төзімділік емес, басқа мәдениет пен көзқарасты түсіну мен құрметтеу қабілеті екенін алға тартады. Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде тұлғалық-бағдарлы, гуманистік және аксиологиялық тәсілдер алынған. Эмпирикалық бөлімде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері арасында жүргізілген эксперимент нәтижелері келтірілген. Зерттеу шеңберінде қатысушылардың толеранттылық деңгейін анықтау үшін бірнеше психодиагностикалық әдістемелер кешені қолданылды. Диагностикалық құралдар ретінде Н.А. Болтянова мен О.А. Соловьева әдістемелері қолданылып, алынған деректер SPSS бағдарламасы арқылы өңделген. Нәтижелер болашақ мұғалімдердің басым бөлігінде толеранттылық деңгейі жеткілікті дамымағанын көрсетті. Мақалада болашақ педагогтардың толеранттылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін психологиялық-педагогикалық шарттар айқындалып, бұл үдерісті мақсатты ұйымдастырудың маңыздылығы негізделеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Болашақ педагогтердің толеранттылық мәдениетін дамытудың аксиологиялық негіздері. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 153(4), 221-240. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-221-240

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 67

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары