Оқу-дала практикасының тиімділігін арттырудағы квалиметриялық әдістердің рөлі және оларды оқу процесіне енгізу жолдары
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-156-3-237-252Кілт сөздер:
оқу-дала практикасы, квалиметриялық бағалау, оқу-әдістемелік материалдар, білім беру тиімділігі, сапаны өлшеу, апробация, кәсіби құзыреттілікАңдатпа
Бұл мақалада оқу-дала практикаларының нәтижелілігін бағалауда квалиметриялық тәсілдерді қолдану негізінде әзірленген оқу-әдістемелік материалдардың мазмұны және оларды апробациялау нәтижелері қарастырылады. Квалиметрия – білім беру сапасын кешенді түрде сандық және сапалық тұрғыдан талдауға мүмкіндік беретін тиімді құрал ретінде сипатталады. Зерттеу барысында оқу-дала практикасына бейімделген оқу материалдары дайындалып, олардың тиімділігі квалиметриялық көрсеткіштер арқылы бағаланды. Сонымен қатар, квалиметриялық бағалау әдістерінің оқу-дала практикаларының мазмұнын жаңғыртуға және нәтижелілігін арттыруға ықпал ететін негізгі тетіктері айқындалды. Алынған мәліметтер негізінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған білім беру процесін оңтайландыру жолдары ұсынылды. Зерттеу нәтижелері педагогикалық тәжірибені жетілдіруге, практика мазмұнын заманауи талаптарға сәйкестендіруге және оқыту сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар жасауға негіз береді. Сонымен қатар, мақалада алынған деректер мен әдістемелік ұсыныстарды педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына енгізу мүмкіндіктері сипатталады. Авторлар оқу-дала практикаларын бағалау жүйесін құрылымдауда квалиметрияны қолдану білім беру сапасының жаңа көрсеткіштерін анықтауға септігін тигізеді деп тұжырымдайды. Мақала білім беру сапасын арттыруға мүдделі мамандар үшін әдістемелік және ғылыми қызығушылық тудырады.





