Қазіргі қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік бейімделу мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-150-1-283-299Кілт сөздер:
Әлеуметтік бейімделу, мүмкіндігі шектеулі адамдар, әлеуметтік көмек, психологиялық кедергілер, стигматизация, әлеуметтік қолдауАңдатпа
Мақалада қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік бейімделу мәселелері зерттеледі. Әлемде әлеуметтік қорғау мен инклюзияны қамтамасыз ету үшін заңнамалық негіздер мен бағдарламалар енгізілгенімен, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамда тең құқықтар мен мүмкіндіктерге қол жеткізуі әлі де кедергілерге тап болуда. Бұл мақаланың мақсаты қазіргі қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік бейімделу аспектісін шетел әдебиеттері негізінде зерделеу мен осы саладағы бар қиындықтарды талдау. Елімізде осы мәселені жеңудің мүмкін жолдарын табу үшін аталған санаттағы адамдардың әлеуметтік бейімдеу мәселесін ғылыми теориялық тұрғыда негіздеу.
Мақаланың ғылыми маңыздылығы мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік қорғау жүйесінде дамуы мен білім алуы, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерінің іргелі мәселелері психология ғылымының шеңберінде талданды. Мақаланың тәжірибелік маңызы - зерттеу материалдары бейімделудің психологиялық, әлеуметтік, инфрақұрылымдық аспектілерін, психологиялық көмек көрсетудің өзекті бағыттарын, жоғары оқу орындары мен колледждерде оқу жағдайында оларды оңтайландырудың ішкі ресурстарын айқындауға мүмкіндік беруінде. Зерттеу нәтижелері мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік бейімделу деңгейлерін - жоғары, орташа және төмен деп классификациялауға мүмкіндік берді. Авторлар, шет елдік ғалымдардың зерттеулеріне сілтеме жасай отырып, әлеуметтік бейімделудің теориялық негіздерін ұсынады. Бейімделудің психологиялық, әлеуметтік инфрақұрылымдық аспектілері, әлеуметтік-психологиялық қолдаудың маңыздылығы көрсетіледі. Мақалада мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы әлеуметтік орта қалыптастырудың қажеттілігі және қоғамдағы қолдау көрсету механизмдерін дамыту туралы ұсыныстар беріледі. Бұл зерттеу жұмысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметте толыққанды өмір сүруін қамтамасыз ету жолындағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстар ұсынылады.






