Медиабілім үдерісінде өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту: цифрлық этикеттің рөлі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-150-1-332-351

Кілт сөздер:

медиабілім, медиабілім үдерісі, өзін-өзі реттеу, цифрлық этикет, психологиялық денсаулық, цифрлық медиа

Аңдатпа

Қазіргі цифрлық әлемде медиабілім – болашақ маман дамуының қажетті аспектісіне айналуда. Медиабілім үдерісінде студенттердің өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту импульсивті мінез-құлықты бақылауға, уақытты тиімді ұйымдастыруға, сыни тұрғыдан ойлауға, өз эмоциясын басқара білуге, сондай-ақ цифрлық кеңістіктегі іс-әрекеті үшін маңызды. Ал осы орайда цифрлық этикет интернеттегі мінез-құлықты реттейтін ережелер мен нормалардың жиынтығы бола отырып, өзгелерге құрмет көрсетуді, қауіпсіздікті, қорлау мен агрессивті әрекеттерді болдырмауды, зияткерлік меншікті ескеру мен құпиялылық құқықты сақтауды қамтиды.

Ұсынып отырған мақалада медиабілім үдерісінде өзін-өзі реттеу дағдылары мен цифрлық этикеттің өзара байланысы зерттеліп, осы мәселелердің студенттердің жеке тұлғалық және кәсіби құзыреттілігін дамытуға әсері сипатталған.

Зерттеу жұмысы AP19679344 «ЖОО-да оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу» гранттық жобасы аясында ұйымдастырылып, жалпы саны 669 респондентті қамтыды. Арнайы құрылған сауалнама студенттердің цифрлық медиа туралы пікірлерін, интернет қолданысының эмоциялық және психологиялық күйлеріне әсерін, цифрлық этикет ережелері мен мүмкіндіктері туралы білімдерін анықтауға  негізделген.

 Сауалнама нәтижелері студенттердің цифрлық ортада мүмкіндігінше қауіпсіздікті сақтап, цифрлық этикет ережелерінің маңыздылығын ескеретінін айқындады. Алайда, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту құралы ретінде цифрлық этикетті тәжірибе жүзінде  қолдануда кейбір олқылықтар анықталып, қосымша зерттеу қажеттілігін көрсетті.

Зерттеудің теориялық деректеріне және сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып авторлар тарапынан медиабілім үдерісінде студенттердің өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуда цифрлы этикетті жүзеге асыру жолдары ұсынылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.