Болашақ тәрбиешілердің ғылыми-коммуникациялық дағдыларын когнитивтік әдістер арқылы дамыту

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-155-2-225-236

Кілт сөздер:

когнитивтік әдістер, ғылыми-коммуникациялық дағдылар, болашақ тәрбиеші, мектепке дейінгі білім беру, танымдық құзыреттілік, кәсіби даярлық, когнитивтік технология

Аңдатпа

Мақалада болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ғылыми-коммуникациялық дағдыларын когнитивтік әдістер арқылы дамыту мәселесі қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде болашақ тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігі тек теориялық біліммен шектелмей, ғылыми тілде ойлай алу, ақпаратты жүйелі түрде талдау және дәлелді пікір білдіру қабілетімен тікелей байланысты. Осы тұрғыда когнитивтік әдістерді қолдану - студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, олардың ғылыми-коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыруда тиімді тәсіл болып отыр. Мақалада болашақ тәрбиешілердің ғылыми-коммуникациялық және когнитивтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған модульдік оқыту құрылымының тиімділігі қарастырылады.

Зерттеу барысында Е.А.Бершадская ұсынған когнитивтік білім беру технологиясына негізделген оқыту мазмұны әзірленіп, білім алушылардың бастапқы және қорытынды нәтижелері салыстырмалы талданды. Диагностикалық кезеңде студенттердің ғылыми терминдерді меңгеруі, мәтінмен жұмыс жасау және ғылыми стильде пікір білдіру дағдыларының жеткіліксіздігі анықталды. Модуль соңындағы бақылау тапсырмалары мен рефлексия нәтижелері когнитивтік әдістердің танымдық процестерді белсендіруге, логикалық ойлау мен ғылыми тілде жазу дағдыларын дамытуға ықпал ететінін көрсетті. Бағалау критерийлері негізінде алынған мәліметтер интеллект-карта, эссе, рефлексия сияқты тапсырмалардың студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруда маңыздылығын дәлелдеді. Зерттеу нәтижелері когнитивтік әдістерге негізделген модульдік оқытудың болашақ педагогтерді даярлауда тиімді педагогикалық модель бола алатынын көрсетеді. Бұл тәсіл білім алушылардың метатанымдық дағдыларын дамытып, кәсіби қызметке бейімделуіне мүмкіндік береді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Болашақ тәрбиешілердің ғылыми-коммуникациялық дағдыларын когнитивтік әдістер арқылы дамыту. (2026). Gumilyov Journal of Pedagogy, 155(2), 225-236. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-155-2-225-236

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 122

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары