Дәстүрлі ән өнерінде сырнайдың сүйемелдеуімен ән айтуды оқыту әдістемесін зерттеудің әдіснамалық тәсілдері
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-22-34Кілт сөздер:
сырнай, дәстүрлі ән, өнер, әдіснама, әдіс, жүйелілік, құзыреттілікАңдатпа
Қарастырылып отырған тақырып өте өзекті. Біздің зерттеуіміздің мақсаты ұлттық вокалдық дәстүрлер контекстінде сырнайдың сүйемелдеуімен орындауды оқыту әдістерін зерттеудегі әдіснамалық тәсілдердің маңыздылығын негіздеу болып табылады.
Біздің зерттеуіміздің инновациялық аспектісі – сырнайдың сүйемелдеуімен дәстүрлі ән айтуды оқыту әдістерін зерделеу кезінде жүйелілік, құзыреттілік, тұлғаға бағытталған және мәдениеттанулық тәсілдерді интеграциялау. Бұл әдіснамалық тәсілдер бізге дәстүрлі музыкатану зерттеулерінің шеңберінен шығуға және қазақ дәстүрлі музыкалық мәдениеті контекстінде сырнайдың сүйемелдеуімен ән айтуды оқыту феноменін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Жүйелілік тәсіл аясында зерттелетін мәселе пәнаралық тұрғыдан қарастырылды. Құзыреттілік тәсіл студенттерге арналған оқу құралын әзірлеуге және енгізуге әкелді. Мәдениеттану тәсілінің негізінде Қазақстанда сырнайдың сүйемелдеуімен ән айту генезисі ұсынылды. Ұсынылған генезис қазақ өнерін, атап айтқанда қазақ музыкалық мәдениетін зерттеушілердің жұмыстарына негізделген. Мақалада сырнайдың сүйемелдеуімен оқыту әдістерін зерттеуде жоғарыда аталған әдістемелік тәсілдердің маңыздылығы ашылады.
Осы мақалада келтірілген және аталған барлық зерттеу материалдары, білім алушыларға ұсынылған хрестоматия авторлардың музыка саласындағы, оның ішінде сырнаймен дәстүрлі ән айтуды үйретудегі көп жылдық жұмысының нәтижесі болып табылады.






