Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік педагогикалық сүйемелдеуге қатысты ғылыми әдебиеттерге шолу

Авторлар

  • Б.А. Садырбаева әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Автор
  • Д. Ертарғынқызы Сүлеймен Демирелі атындағы университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-152-3-303-318

Кілт сөздер:

инклюзивті білім беру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, әлеуметтік-педагогикалық қолдау, әлеуметтік педагог қызметі

Аңдатпа

Заманауи білім беру жүйесі балалардың ешқандай ерекшеліктеріне қарамастан, барлығына бірдей білім алуға қолжетімділігіне бағытталған. Осы тұста, барлық білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, балаларды әлеуметтік педагогикалық сүйемелдеу білім беру мекемелері мен әлеуметтік педагог жұмысының маңызды бағыты болып отыр. Ол қолжетімді әрі сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін ғана емес, сонымен бірге баланы оның дамуында, әлеуметтенуінде және қоғамда бағдарлануында жан-жақты қолдау үшін қажет. Мақалада инклюзивті білім беру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, оларды әлеуметтік педагогикалық сүйемелдеу мәселелерінің отандық және шетелдік ғылыми еңбектердегі жайы зерделеніп, теориялық талдау жасалды. Сондай-ақ әлеуметтік педагогтардың ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысына қатысты лауазымдық міндеттері мемлекеттік құжаттар мен бұйрықтар негізінде анықталды. Зерттеу нәтижелерін өңдеу мен талқылау барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ерекшеліктерге қарай жіктелуі (тобы), оларды әлеуметтік педагогикалық сүйемелдеудің мәні айқындалып, сүйемелдеудің деңгейлері (Л.В. Мардахаев пен Е.А. Орлова, О. Ильина мен С.Ситняковская, Х. Хэнли мен Ш. Гаррити модельдері негізінде), бағыттары, кезеңдері, формалары мен құралдары нақтыланды. Ғылыми мақала ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүргізетін мамандарға,  сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мәселесі қызықтыратын кез келген ізденушілерге пайдалы болуы мүмкін.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік педагогикалық сүйемелдеуге қатысты ғылыми әдебиеттерге шолу. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 152(3), 303-318. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-152-3-303-318

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 80

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.