Тұрақты даму мақсаттары жоғары білім сапасы стратегиясының негізі ретінде: жаһандық сын-қатерлерге жергілікті жауаптар
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-155-2-188-199Кілт сөздер:
білім беру сапасы, тұрақты даму мақсаттары, модель, нейрожелілер, жүйе, модельдеуАңдатпа
Мақалада цифрлық революция жағдайындағы тұрақты дамудың қазіргі заманғы парадигмасы мен жоғары білім берудің теориялық-әдіснамалық талдауы ұсынылған. Еңбекте қатаң академиялық стандарттардан білім беру сапасы университеттің әлеуметтік үлесімен және тұрақты даму мақсаттарымен тығыз байланысты болатын экожүйелік тәсілге көшу үдерісі қарастырылады. Индустрия 4.0 және Білім беру 5.0 дәуіріндегі білім сапасы тұрақты даму (ESG), әлеуметтік әділеттілік пен жауапкершілік құндылықтарымен үйлесімді дамитын университеттің болмыс тәсілі ретінде айқындалады.
Университетті әлеуметтік өзгерістердің агенті ретінде қарастыра отырып, авторлар білім сапасы тек ішкі тиімділік көрсеткіштерімен ғана емес, сонымен қатар түлектердің және жоғары оқу орны жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу жобаларының қоғамды күрделі әлеуметтік жүйе ретінде трансформациялауға тигізетін әсерінің деңгейімен анықталатыны туралы тұжырымды негіздейді.
Мақала білім беру бағдарламасының сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқарудың тиімді әдіснамасын зерттеуге және педагогтарды кәсіби даярлау бағдарламасының мысалында жоғары оқу орнының ішкі сапа жүйесін жетілдірудің негізгі ережелерін ғылыми негіздеуге арналған.






