Ағылшын тілін оқу барысында студенттердің дискурсивті құзыреттілігін дамыту құралы ретінде коммуникативті тренинг
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-152-3-145-161Кілт сөздер:
коммуникативті тренинг, дискурс, дискурсивті құзыреттілік, тілдік тәжірибе, коммуникативті дағдыларАңдатпа
Бұл мақала студенттердің дискурсивті құзыреттілігін қалыптастыру сияқты проблемалық мәселелердің біріне арналған. Авторлар студенттердің дискурсивті құзыреттілігін қалыптастырудың маңыздылығын, сондай-ақ шет тілін оқыту үдерісінде дискурсивті құзыреттілігін қалыптастыруда оқытудың белсенді әдістерінің бірі ретінде коммуникативті оқыту әдісін пайдалану мүмкіндіктерін анықтау қажеттілігін атап көрсетеді. Мақалада ағылшын тілін оқыту үдерісінде студенттердің дискурсивті құзыреттілігін дамытудағы коммуникативтік тренингтің рөлі, орны мен маңызы қарастырылады. Дискурсивті құзыреттілік қарым-қатынас контекстіне байланысты үйлесімді және логикалық мәлімдемелер құру қабілеті ретінде анықталады. Мақалада дискурсивті құзыреттіліктің қалыптасу деңгейлері, оны бағалау әдістері, оқушылардың дискурсивті құзыреттілігін дамыту үдерісіне коммуникативті оқытудың әсерін анықтау бойынша эксперименттік жұмыс бағдарламасы ашылған. Авторлар дискурсивті құзіреттіліктің табысты дамуы жазбаша мәтінге негізделген коммуникативтік тренингті қолданумен байланысты екенін атап өтеді. Мақалада ҰАО «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенттері арасында ЭТ және КТ бойынша дискурсивтік құзыреттілікті дамыту бойынша эксперименттік жұмыстың нәтижелері берілген. Зерттеу нәтижелері шет тілін оқыту әдістемесін дамытуға ықпал етеді және шет тілінде тәжірибелік сабақтарда, сонымен қатар университет оқытушылары мен студенттеріне арналған семинарларда, конференцияларда, тренингтерде пайдалануға болады.Downloads
Download data is not yet available.
Жүктеулер
Жарияланды
2025-09-30
Журналдың саны
Бөлім
Статьи
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Ағылшын тілін оқу барысында студенттердің дискурсивті құзыреттілігін дамыту құралы ретінде коммуникативті тренинг. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 152(3), 145-161. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-152-3-145-161






